Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (5) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (22)

"дерт" туралы Ұлағатты сөздер

"дерт" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "дерт" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Мансап деген жаман дерт, болма әуре оны қуып та.

Ілмектер: мансап, дерт Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Өмірдің мәні — өзіңді осы дүниенің жаманшылығынан құтқару. Бұған сізге ешкім көмектеспейді, өзіңізден басқа. Сырттан үміт еткендер тәуелділік дертіне шалдығады.

Ілмектер: Өмір, өмірдің мәні, дүние, жаманшылық, құтқару, көмек, адасу, үміт, тәуелділік, дерт Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Жыныс қатынасын өзіне-өзі көңіл толмаушылық немесе өзін біреуден артық санау сияқты дертті көңіл қажетіне пайдалану — барып тұрған ақымақтық жəне бейшаралық.

Ілмектер: көңіл толмаушылық, артық санау, дерт, көңіл, ақымақтық, бейшаралық Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Табиғатта денсаулық болса, дерттің де болғаны.

Ілмектер: табиғат, денсаулық, дерт Эмиль Дюркгейм
WhatsApp Telegram

Ницше бізді денсаулық пен дертті алғашқысын — екіншісінің өмірлік перспективасындай, ал екіншісін — біріншісінің өмірлік перспективасындай сезінуге шақырады.

Ілмектер: денсаулық, сезім, дерт Жиль Делез
WhatsApp Telegram

Денсаулығы перспективаларды сапырылыстыруға, денсаулықтан дертке жəне дерттен денсаулыққа оңай өтуге мүмкіндік беріп тұрған кезде Ницше өзінің «ұлы денсаулығының» қызығын көрді: ол оның шығармашылықпен айналасуын қамтамасыз етті.

Ілмектер: денсаулық, дерт Жиль Делез
WhatsApp Telegram

Денсаулықтан дертке дейін, дерттен денсаулыққа дейін — осы қозғалыстың өзі ойша болса да, тамаша денсаулықтың белгісіне жатады.

Ілмектер: Денсаулық, дерт Жиль Делез
WhatsApp Telegram

Өмірдегі қиындықтар мен ауыртпалықтар — күнәлар мен қателіктерден туындайды. Адам надандық пен қажетті білімнің жоқтығынан оларды өз еркімен қалайды, бірақ білмейді. Алайда, ешкім күнә мен қателікті қасақана, әдейі жасамайды, мұның бәрі үмітсіздік пен ішкі жанжал дертінен. Мұны түсіну және қабылдау қиын болуы мүмкін, бірақ мен үшін дәл солай.

Ілмектер: Өмір, қиындық, ауыртпалық, күнә, қателік, надандық, білімсіздік, ерік, үмітсіздік, жанжал, дерт Narsha Bulgakbaev
WhatsApp Telegram

Сансыздық пен құшаққа сыймастық дерті.

Ілмектер: дерт Пьер Тейяр де Шарден
WhatsApp Telegram

Қулық та — бір дерт.

Ілмектер: қулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дерт Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Адамдардың сыртқы өмірге, қоршаған ортаға, жалған адамдарға «тәуелді» болып қалуы – «Құлдық Сананың» салдарынан пайда болатын ауру – бұны тәуелділік дерті деп атайды. Тәуелділікті емдеудің салдарынан адамдар өз ішіне үңілуден қорықпайтын батырға айналады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адам, адамзат, Адасқан өмір, Өмір, қоршаған орта, жалған дүние, жалған, тәуелділік, құлдық сана, ойлау, қорқақтық, батыр, емші, ауру, дерт Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Бұзылғандықтың екi түрi бар: бiрi, халықтың заңдарды орындамауы; екіншісі: заңдардан халықтың азғындауы, соңғы дертке дауа жоқ, өйткенi оның себебi дәрiнiң өзiнен.

Ілмектер: заң, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дерт, дауа Шарль Луи Монтескье
WhatsApp Telegram

Ел дертті — зар шықпаа, тән дертті — зәр шықпаса.

Ілмектер: дерт, зәр, зар, тән Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Ей, көңілім, сыйлық күтпе бұл заманнан қараңғы,
Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды.
Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз,
Күткенменен мына уақыт емдемейді жараңды.

Ілмектер: дерт, өмір, уақыт, заман, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Омар Хайям
WhatsApp Telegram

Дертке шалдыққанша денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді.

Ілмектер: дерт, денсаулық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Томас Фуллер
WhatsApp Telegram

Жырла да, зарла, көңілім, қалың қайғың қайнасын. Қиялдың құсы егіліп, іштегі дертті айдасын.

Ілмектер: көңіл, қайғы, дерт Бернияз Күлеев
WhatsApp Telegram

Жүрегім дертті, сөзім у.

Ілмектер: дерт, жүрек, у Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді.

Ілмектер: денсаулық, дерт, жара, адам Саиф Сараи
WhatsApp Telegram

Бойкүйез, арамтамақ жатып ішер,
Жаман дерт осы бастан сақтаныңдар.

Ілмектер: арамтамақ, дерт, сақтық Кенен Әзірбаев
WhatsApp Telegram

Денсаулық туралы нақыл сөздер.

Денсаулықты сақтау үшін, ал одан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы.
М.Я.Мудеров.
Гимнастика, дене жаттығулары, жүру, жұмыс істеу қабіоетін, денсаулығын, кемел қуанышты өмірін сақтағысы келген əр адамның күнделікті тұрмысына берік енуге тиіс.
Гиппократ.
Дене жаттығуларымен қалыпты жəне өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді.
Ибн-Сина.
Денсаулық-байлықтан қымбат.
Д.Рей.
Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі.
Т.Карлейль.
Дертке шалдыққанша,денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді.
Т.Фуллер.

Ілмектер: денсаулық, гимнастика, жаттығу, байлық, дені сау, дерт Зекешева Лаззат
WhatsApp Telegram