Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді. Ілмектер: денсаулық, дерт, жара, адам Саиф Сараи Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Сау адам біреудің жарасы ауырып отырғанын білмейді.
Денсаулық туралы нақыл сөздер. Денсаулықты сақтау үшін, ал одан да абзалы жиі ауыра берудің алдын алу үшін дене жаттығуларын жасаған немесе қозғалыста болған жақсы. М.Я.Мудеров. Гимнастика, дене жаттығулары, жүру, жұмыс істеу қабіоетін, денсаулығын, кемел қуанышты өмірін сақтағысы келген əр адамның күнделікті тұрмысына берік енуге тиіс. Гиппократ. Дене жаттығуларымен қалыпты жəне өз уақытында шұғылданып отырған адам ауруды құртуға бағытталған ешқандай емдеуді қажет етпейді. Ибн-Сина. Денсаулық-байлықтан қымбат. Д.Рей. Дені сау адам-табиғаттың ең қымбат жемісі. Т.Карлейль. Дертке шалдыққанша,денсаулықтың қадірін ешкім де білмейді. Т.Фуллер. — Зекешева Лаззат денсаулық, гимнастика
Амандықта қадір жоқ - алдырған күні білерсің, Денсаулықта қадір жоқ - ауырған күні білерсің. Қолда бар жақсының қадірі жоқ - айырылған күні білерсің. — Би-шешендер денсаулық, қадір
Той, даңғазашылдық пен ештеме істемеушілік адамды аздырады, денсаулықтан айырады, қайта ақыл-ойдың бір нәрсеге талпынуы өмірбақи тұрмысты нығайтуға бағытталған қайратқа мінгізеді. — Гиппократ той, денсаулық
Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі. — Томас Карлайл денсаулық, табиғат
Мөлшерден тыс тоқтық та,аштық та және басқа да ауытқушылықтың бәрі де денсаулыққа қолайсыз. — Гиппократ денсаулық, тоқтық
Ей, көңілім, сыйлық күтпе бұл заманнан қараңғы, Уақыт озар барлығынан шаң қаптырып адамды. Дертің әр сәт күшейеді, ауырады тынымсыз, Күткенменен мына уақыт емдемейді жараңды. — Омар Хайям дерт, өмір
Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз — тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау. — Ибн Сина денсаулық, тәртіп
Денсаулық— байлықтан қымбат. — Джон Рей денсаулық, байлық
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі