Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (3) Жоспарлар (2) Ұлағатты сөздер (27)

Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек.

Ілмектер: ниет, күш, тәртіп, іс Мұхтар Әуезов

Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін математика.

Ілмектер: ақыл, ой, тәртіп, математика Михаил Ломоносов

Атасынан ақыл алса, тентек ұлда жөнделер.

Ілмектер: бала тәрбиесі, тәртіп, ата, тентек Махмұд Қашқари

Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.

Ілмектер: тәртіп, өнер, бала Жүсіп Баласағұни

Тәртіп – жауынгердің бірінші қаруы.

Ілмектер: тәртіп, жауынгер, қару Бауыржан Момышұлы

Тәртіп — солдаттың жауларынан көрі, өз офицерлерінен қорқыту өнері.

Ілмектер: тәртіп, солдат, офицер, жау Клод Гельвеций

Мемлекеттегі ресурстардың жетіспеушілігін өтеу үшін азаматтар: ой-өріс, тәртіп және тапқырлық қасиеттерінде басым болу керек.

Ілмектер: мемлекет, ресурс, тәртіп, тапқырлық Ли Куан Ю

Тәрбиелі — тәртіптің құлы.

Ілмектер: тәрбие, тәртіп, нақыл, афоризм Бауыржан Момышұлы

Тәртіп еркіндікпен пара-пар.

Ілмектер: тәртіп, еркіндік Джоко Виллинк

Әдеттегідей дәруменімді қабылдаймын, үнемі бір музыка ойнап тұрады, мен бәз-баяғы орнымда, қағаз да әрдайым сол жерде... осындай біртектес, күнделікті іс-әрекеттердің жиынтығының мақсаты біреу-ақ — ол миға қазір бір дүниені ойлап, шығаратынын хабарлау.

Ілмектер: жұмыс, Әдет, жүйелілік, жүйе, тәртіп Стивен Кинг

Тәртіп — жеңістің алғашқы нышаны.

Ілмектер: тәртіп, жеңіс Александр Суворов

Ән есті болса, жүйелі тәртіпке, есер болса, бейберекетсіздікке себепкер.

Ілмектер: ән, тәртіп, бейберекетсіздік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Басшысыз үйде бала азар,
Тәртiп жоқ жерде жан азар,
Хан мисызда бәрi азар.
Iрiлiк кетiп жiгiттен,
Күн кешер бекер үмiтпен.

Ілмектер: бала, тәртіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, үміт Фариза Оңғарсынова

Дене құрылысының үйлесімін бірқалыпты ұстау дегеніміз — тағам мен сусынды талғау, дәрет тәртібін мұқияттау, киім мен ауа тазалығын сақтау, дене мен рух бірлестігін естен шығармау, ұйқы тәртібін бұзбау.

Ілмектер: денсаулық, тәртіп, ұйқы, тамақтану, нақыл сөздер Ибн Сина

Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды

Ілмектер: тәртіп Бауыржан Момышұлы

Тәртіпті — елдің ұлы.

Ілмектер: тәртіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Билiк басындағы адамдар жұрт өзiнiң әрекетiнде тек зорлықты басшылыққа алады деп ойлайды, сондықтан қазiргi тәртiптi сақтау үшiн зорлықты батыл қолданады. Қазiргi тәртiптi зорлықпен ұстап тұра алмайсың, оны зорлықпен бұзылатын қоғамдық пiкiр сақтайды.

Ілмектер: билік, зорлық, жұрт, адам, тәртіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Тәртіп кейде тәртіпсіздікті тудырады.

Ілмектер: нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәртіп Бауыржан Момышұлы

Сыртқы тәртіпсіздік — адамның ішкі кемшілігі.

Ілмектер: тәртіпсіздік, тәртіп, кемшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы

Тәртіп — әскердің жаны. Аз әскерді үлкен күшке айналдырады, әлсізге сәттілік пен құрмет әкеледі.

Ілмектер: Құрмет, Әскер, Тәртіп, Сәттілік Джордж Вашингтон