Тамаққа деген сүйіспеншіліктен шынайырақ сүйіспеншілік жоқ шығар.
Ілмектер: сүйіспеншілік, тамақ Бернард Шоу
Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс.
Ілмектер: азамат, ұлт, сүю, сүйіспеншілік, мақтаныш, құрмет Бауыржан Момышұлы
Нағыз құштарлық пен сүйіспеншіліксіз қай іс болса да ілгері баспайды.
Ілмектер: құштарлық, сүйіспеншілік, іс Павлов Иван Петрович
Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспешілік туғызған.
Ілмектер: отан, ерлік, сүйіспеншілік Жан-Жак Руссо
Егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да, бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді, ал егер сүйіспеншілік жоқ болса, ол тез арада құрып бітер еді.
Ілмектер: сүйіспеншілік Ілияс Есенберлин
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Ілмектер: Отан, отбасы, адам, туысқан, сүйіспеншілік Нұрсұлтан Назарбаев
Мұғалім өз ісіне деген сүйіспеншілікті оқушыға деген сүйіспеншілікпен ұштастыра алғанда ғана шын мәніндегі мұғалім болмақ.
Ілмектер: мұғалім, ұстаз, оқушы, сүйіспеншілік Лев Толстой
Отанға деген сүйіспеншілік қана соғыс кезіндегі өлімді моральдық тұрғыдан ақтап, соғыс ісінің адамгершілік негізі бола алады.
Ілмектер: отан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, соғыс, сүйіспеншілік, мораль, адамгершілік Бауыржан Момышұлы
Ұлтшылдықтың негізінде басқа халықтарға өзін қарсы қоюшылық, антогонизм жатады, ал ұлттық рухтың табиғатына өз халқына деген сүйіспеншілік арқылы басқа халықтарды сүю мен құрметтеу тән.
Ілмектер: Ұлтшылдық, сүйіспеншілік, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, құрмет Бауыржан Момышұлы
Сүйіспеншілік ойша əлемдік тəртіп жасауға негізделеді: ондағы басты нəрсе — орнықтылық.
Ілмектер: Сүйіспеншілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәртіп, орнықтылық Освальд Шпенглер
Діндегі негізгі сезімдер — өшпенділік пен сүйіспеншілік емес, қорқыныш пен сүйіспеншілік
Ілмектер: қорқыныш, сүйіспеншілік, дін, нақыл, афоризм, сезім, өшпенділік, сүйіспеншілік Освальд Шпенглер
Сүйіспеншілікте — қанағатсыздық деген ең соңғы секіріске ертіп апаратын жолбасшы жəне кез-келген көзбояушылыққа нүкте қоятын көр қазушы тəрізді.
Ілмектер: Сүйіспеншілік, қанағат Жорж Батай
Жастайынан еліне деген сүйіспеншілікпен тәрбиеленген намысшыл жастар болашағымызды қалыптастыратын тұлғалар болмақ. Егер адамсыздық пен надандықтың алдын алу шараларын қолданбасақ, тез таралып, ұлтымызды, елімізді жойып жібереміз.
Ілмектер: Ел, сүйіспеншілік, тәлім тәрбие, намыс, намысшыл, жастар, тұлға, адамдық, адамсыздық, надан, надандық, ұлт Али Айбекұлы
Сүйіспеншілік! Егер мен жаңылысып тұрмасам, маңайымызды қоршағанның бəрін айқынырақ көріп-білуімізге көмектесетін жарық сəуле осы!
Ілмектер: Сүйіспеншілік, сәуле, жарық Пьер Тейяр де Шарден
Көңіл қалушылық — сүйіспеншілік пен жек көрушіліктің ортақ бастауы тəрізді.
Ілмектер: Көңіл қалу, сүйіспеншілік, жек көру Жиль Делез
Сүйіспеншілік дегеннің өзі — айтарлықтай аумалы-төкпелі сезім: тайталасқа орын жоқ жерде жеңіске жету де мүмкін емес.
Ілмектер: Сүйіспеншілік, сезім, жеңіс Альфред Адлер
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі