Эссе және өлең-жыр байқауы

Стивен Кинг

Стивен Кинг (ағылш. Stephen Edwin King; 21 қыркүйек, 1947 жылы туған, Портленд, Мэн, АҚШ ..) - америкалық жазушы, қасіретін, триллер, ғылыми фантастика, фэнтези, мистицизм, драма, соның ішінде әр түрлі жанрда, жұмыс істейтін; Ол «King of Horror» деп аталды. Фильмдер, тв өндірісі, сондай-ақ бірқатар комикс те шығарылды, оның кітаптары 350-ден астам миллионға дейін сатылған. Кинг Ричард Бачмэн лақап атымен 50-роман, соның ішінде 7 көркем әдеби емес кітаптар да жарияланды. Тоғыз авторлық құқық жинақтарын жинап, олардың көпшілігі шамамен 200 қысқа әңгіме. Кітаптағы оқиғалардың көбісі өзінің туған Мэн штатында өтеді.


Нақыл сөздері

Өзгерістің лебін сезген адам желден ықтайтын қалқан емес, жел диірменін тұрғызуы тиіс.

Ілмектер: өзгеріс, бейімделу, дағдылану, икемделу, үйрену Стивен Кинг

Әдеттегідей дәруменімді қабылдаймын, үнемі бір музыка ойнап тұрады, мен бәз-баяғы орнымда, қағаз да әрдайым сол жерде... осындай біртектес, күнделікті іс-әрекеттердің жиынтығының мақсаты біреу-ақ — ол миға қазір бір дүниені ойлап, шығаратынын хабарлау.

Ілмектер: жұмыс, Әдет, жүйелілік, жүйе, тәртіп Стивен Кинг

Егер адам өз жұмысын ұнатпаса, бақытсыз болады. Ал сүйікті іс адамды тек табысқа жетелейді.

Ілмектер: адам, жұмыс, нақыл, табыс, афоризм Стивен Кинг

Адамның үш шынайы жасы болады: жастық шақ, кемелдену кезеңі және «сайтан алғыр, қалай ғана қартайып кеттім?»

Ілмектер: жас, қарттық, нақыл, афоризм Стивен Кинг

Өткен іске өкінбеу керек. Өмірден алған соққылардың бәрі маңызды емес. Маңыздысы – біздің еш нәрсеге мойымай, алға қарай ұмтылып, өмір сүріп келе жатқандығымыз.

Ілмектер: іс, өкініш, соққы, өмір Стивен Кинг

Неше түрлі сиқырлардың болуы мүмкін. Бірақ өзіне көмектескен адамға ғана Құдай көмектесетінін ешқашан естен шығармаңыз.

Ілмектер: сиқыр, көмек Стивен Кинг

Кейде жүрегіміз жарылып кетеді. Иә, шынымен де жүрегіміз жарылып кете жаздайтын шытырман оқиғалар көп болады. Менің ойымша, ондай кезде өліп қалғанымыз дұрыс. Бірақ біз дым болмағандай тірі жүреміз.

Ілмектер: жүрек, оқиға, ой Стивен Кинг

Маған өздері күлетін қыздар ұнайды. Оларды әзілдің ортасына салудың да қажеті жоқ.

Ілмектер: қыз, күлу, әзіл Стивен Кинг

Өмірдің басты қағидасы – өмір сүру. Қолыңыздан келмесе де өз-өзіңізге: «мен мына затты жасай аламын», - деп уәде беріңіз.

Ілмектер: өмір, қағида, уәде Стивен Кинг

Кейбір уақытта әйел адамдар аман қалу үшін мыстан болуы керек.

Ілмектер: әйел, мыстан, адам Стивен Кинг

Шын мәнінде құбыжықтар мен әруақтар өмір сүреді. Олар біздің ішімізде. Тіпті кей кезде бізді жеңіп кетеді.

Ілмектер: құбыжық, өмір, жеңу Стивен Кинг

Күннің немесе түннің қай мезгілінде болса да, міндетті түрде төгілуге тиісті жастар болады. Сондықтан өз-өзіңізді іштей жей бермеңіз, жылап алыңыз. Жеңілдеп қаласыз.

Ілмектер: жылау, жеңілдеу Стивен Кинг

Қандай тілде болса да ең керемет, ең әдемі сөз - «мен сені кешірдім».

Ілмектер: тіл, кешірім, кешіру, сөз, әдемі Стивен Кинг

Қатты керек болған заттарды ақшаға сатып ала алмайсыз.

Ілмектер: зат, қажеттілік, ақша Стивен Кинг

Егер адам мені бірінші рет алдап тұрса, ол менен ұялу керек. Ал егер ол мені екінші рет алдаса, мен одан ұялуым керек.

Ілмектер: ұят, алдау Стивен Кинг

Әйел адамдар ешқашан құпия ұстауды білмейді. Бірақ олар жүрегінде сақтаған затты өлсе де айтпайды.

Ілмектер: әйел, құпия, жүрек Стивен Кинг

Егер өзіңіз жүргенде жаман болса, басқалармен бірге бәрі жақсы болуы мүмкін емес.

Ілмектер: жақсы, жаман Стивен Кинг

Ең маңызды нәрсені сөзбен айтып жеткізу өте қиын. Кейде өзіміздің сезіміміздің алдында ұялып, теріс айналып жатамыз. Себебі сезімімізді сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес екендігін түсінеміз.

Ілмектер: сөз, сезім, ұят Стивен Кинг

Егер сіз өзіңіздің ашуыңызды ұстай алмасаңыз, ашуыңыз да сізді ұстай алмайды.

Ілмектер: ашу Стивен Кинг

Тұншыққан талант – кесек тұздан арзан. Табысты адам мен талантты адамның жалғыз айырмашылығы – ерінбей еңбек етуінде.

Ілмектер: талант, табысты, адам, еңбек, еріншектік Стивен Кинг

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...