Күннің немесе түннің қай мезгілінде болса да, міндетті түрде төгілуге тиісті жастар болады. Сондықтан өз-өзіңізді іштей жей бермеңіз, жылап алыңыз. Жеңілдеп қаласыз. Ілмектер: жылау, жеңілдеу Стивен Кинг Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Күннің немесе түннің қай мезгілінде болса да, міндетті түрде төгілуге тиісті жастар болады. Сондықтан өз-өзіңізді іштей жей бермеңіз, жылап алыңыз. Жеңілдеп қаласыз.
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді. Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып, Және жылап өледі, өзгені де жылатып. Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын, Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын. — Қадыр Мырза Әли адам, жылау
Көздер сөйлей алады. Қуаныштан күле де, жылай да алады. Көздермен естен адастыруға да, жылата да аласың. Сөздермен алдауға болады, бірақ көзбен алдау мүмкін емес. Адамның көздерінде тылсым күш жатыр. — Омар Хайям көз, алдау
Өз қалыбыңа өзің сыймай қалған сәттерде жалғанның жалғандығын бетіне басып, айқайлап бір ебіл-дебілің шығып жылап алсаң... Әйелдің жылағаны – жеңілгені. Жеңілгені – жеңілдегені. Олар осылай жан дүниесін айқара ақтарып жылап алуы арқылы күллі қиындығын еңсере алады. Түнімен жылап шығып-ақ ертеңіне түк болмағандай жайраң қағатын да – әйелдер. Еркектер, біздер сияқты жылай алмайсыздар ғой, мойындасаңыздаршы? Әйел болудың артықшылығы да осында шығар... Әрине, көз жасымыз тек жақсылыққа көрінсін. Жылай алмайтын әйелден қорқу керек, расында. — Салтанат Айдарбекова жылау, әйел
Мен туылған кезде қатты жыладым. Бірақ мен өмір сүріп келе жатқан әр күн маған не үшін жылағанымды түсіндірді. — Александр Куприн өмір, жылау
Егер менің ішімді жарып өрсең, жылауыңды тоқтатып, шошыр едің. — Абай Құнанбайұлы жылау, нақыл
Балаңның жығылғаны да, жылағаны да өзіне сабақ. — Әзілхан Нұршайықов бала, сабақ
Келмейтұғын нәрсеге жаныңды қинап жылама. — Махамбет Өтемісұлы қиналу, жылау
Заманның ақыры таянған кезде бүгін қуанған ертең жылайды, бүгін жылаған ертең қуанады, бүгін мұсылман болып ұйықтаған, ертең кәпір болып оянады, бүгін кәпір болып ұйықтаған, ертең мұсылман болып оянады. Екіжүзділік шегіне дейін жетеді. Мұсылман мұсылман еместен ерекшелігі байқалмай қалады. Міне, осындай заманға қарап, өзімнен қорқамын. — Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев Мұсылман, заман
Хабарлама
INFO
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі