Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.
Ілмектер: адам, жылау, жамандар, жақсылар Қадыр Мырза Әли
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын.
Мен туылған кезде қатты жыладым. Бірақ мен өмір сүріп келе жатқан әр күн маған не үшін жылағанымды түсіндірді.
Толық оқу (пікір жазу)
Егер адам жылап алғаннан кейін өзін жеңіл сезінер болса, бұл — оның қалыптасқан жағдайды айыптаушы деңгейіне көтеріле алғандығының белгісі.
Толық оқу (пікір жазу)
Арука
Бұл нақыл сөз адам табиғатының сезіміне, өмір мен өлім, қуаныш пен қайғы арасындағы алмасуына терең философиялық көзқараспен қарайды. Ол көрсетеді: бастапқыда адам күліп тумайтынын, күлуді үйренетінін; ал жылау дүниеге келумен туады да, оны өмір бойы басқа адамдармен бөлісетінін.