Бенедикт Спиноза

Бенедикт Спиноза туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.

Автор туралы

Бенедикт (Барух) Спиноза (Spіnoza) (24.11.1632 жыл, Амстердам, – 21.2.1677 жыл, Гаага) – материалистік, пантеистік көзқарастағы Нидерланд философы.

Спинозаның философиялық көзқарасы ең алдымен ортағасырлық еврей философиясының (Маймонид, Крескас) ықпалында қалыптаса бастағанымен Дж. Бруноның пантеистік-материалистік көзқарасын, Декарттың рационалистік методын, Т.Гоббстың философиясын игеруі оның пантеистік-материалистік көзқарасқа көшуіне себеп болды. Ол пантеистік дәстүрдегі табиғат пен құдай біртұтас субстанция деген қағиданы өзінің онтологиясына негіз етіп алды. Таным теориясында рационалистік бағыт ұстанып, интеллектуалдық ақыл-ойға, парасатқа негізделген білімді сезімдік таным мен тәжірибеден жоғары қойды. Оның ілімін рационалды интуитивті гносеология, пантеистік метафизика, табиғат жайлы натуралистік көзқарас құрады. Спиноза діни-телеологиялық қағиданы жоққа шығарып, механикалық детерменизмді жақтады. “Көне өсиетті” тарихи-рационалистік тұрғыда сынап, діни нанымды надандыққа балады.

Автордың бөлімдері

Автор туралы Нақыл сөздері