Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (11) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (38)

Тартыспен түскен, бейнетпен келген жақсылық қана - шын мәнінде қымбат табыс.

Ілмектер: тартыс, бейнет, табыс Мұхтар Әуезов

Актив — табыс алып келеді, пассив — сені кедей етеді.

Ілмектер: актив, пассив, табыс, кедей Роберт Кийосаки

Табысы жоқтың - танысы жоқ.

Ілмектер: табыс, таныс, еңбек Саиф Сараи

Ісмер қайда жүрсе де ақша табады.

Ілмектер: ісмер, ақша, табыс Саиф Сараи

Сенімділік табысқа жетуге деген құлшынысты арттырады, бойға қуат береді, әбден айқындалған әмір беруге немесе жеке іс-қимылға шақырады – яғни, дереу әрекет жасауға итермелейді.

Ілмектер: сенімділік, табыс, қуат, әрекет Бауыржан Момышұлы

Саулық тілеп, табыс күтсең ісіңнен,
Жарамайтын сөз шығарма ісіңнен.

Ілмектер: саулық, табыс, сөз, іс Жүсіп Баласағұни

Табыс — таңертен оянып және кешке ұйықтау мүмкіндігі. Және осы екі уақыт аралығында өзіңе шынымен ұнайтын істі істеу.

Ілмектер: табыс Боб Дилан

Табысты адам - өзіне лақтырылған кірпіштерден, мықты іргетас қалай алатын адам.

Ілмектер: табыс, адам, нақыл Дэвид Бринклин

Бақытты да, табысты да жаулап алу мүмкін емес, ол өзі пайда болуы керек.

Ілмектер: бақыт, табыс Виктор Франкл

Еңбектегі табыс - бұл табысқа жеткен адамның мақтанышы. Өз еңбегін мақтан тұтпаған нағыз адам бола алмайды.

Ілмектер: еңбек, табыс, мақтаныш, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский

Егер адам өз жұмысын ұнатпаса, бақытсыз болады. Ал сүйікті іс адамды тек табысқа жетелейді.

Ілмектер: адам, жұмыс, нақыл, табыс, афоризм Стивен Кинг

Табыс қолыңнан оңай кетеді, сол себепті ештеңені күтпе!

Ілмектер: табыс, күту Рэй Крок

Табыс — бұл маңдай тердің көрсеткіші. Қаншалықты көп терлесеңіз, соншалықты табысты боласыз.

Ілмектер: табыс, көрсеткіш, маңдай, тер, терлеу, нақыл, афоризм, еңбек, қанатты сөздер Рэй Крок

Мен ешқашан жеңілген емеспін. Тек жүзеге аспайтын 10 000 тәсілді байқап көрдім. Біздің ең басты қателігіміз — нәтижесін көрмей жатып, тез беріле салуымызда. Табысқа жетудің ең сенімді жолы — тағы бір рет қайталап көру.

Ілмектер: жеңіс, қателік, табыс Томас Эдисон

Егер сіз тек ақша үшін жұмыс істесеңіз, оны ешқашан жеткілікті мөлшерде таба алмайсыз. Ал егер жұмысыңызды сүйіп істесеңіз және тұтынушыларыңызды бірінші орынға қойсаңыз, мол табысқа кенелесіз.

Ілмектер: ақша, табыс, жұмыс Рэй Крок

Табыс ерте тұрған адамға келеді деп есептеледі. Жоқ, табыс жақсы көңіл-күйде оянған адамға келеді.

Ілмектер: табыс, көңіл-күй, адам, ояну, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марсель Ашар

Адамның қажырлы еңбегі үшін ең үлкен сый — қол жеткізген табысы емес, оның бойындағы өзгеріс.

Ілмектер: адам, еңбек, сый, табыс, өзгеріс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин

Адамдардың өмiрiнде толысу сәтi болады, егер оны пайдаланса, табыс әкеледi, жiберiп алса, онда әрi қарайғы жол қайраң арқылы өтетiн болады.

Ілмектер: сәт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, табыс Уильям Шекспир

Адамдар құрмет тұтатын кiсi өзiне сенiм бiлдiргенде табысқа жетедi. Адамдардан сенiмдiлiк пен бiлiктiлiк күтсеңiз, олар оны көрсетедi.

Ілмектер: құрмет, табыс, сенім, біліктілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Оскар Уайльд

Адамға жеңіл ақша бергенше,
Адамға жұмыс бер қолдан келгенше.

Ілмектер: жұмыс, іскер, іскерлік, ақша, жеңіл ақша, адам, жұмыс берушілер, табыс Али Динабеков