Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (5) Өлеңдер (12) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (7) Ұлағатты сөздер (17)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"кешірім" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"кешірім" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "кешірім" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Кешірім жасау билігі дегеніміз — баршаға құзыреті жүретін жəне əркімге тонның ішкі бауындай жақын билік.

Ілмектер: кешірім, билік Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Кешіруге болмайтын қылық үшін құрметтейді.

Ілмектер: кешірім, құрмет Роберт Вальзер
WhatsApp Telegram

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Жақсы өмір сүру үшін өмір бойы басшылыққа жарар бір ауыз сөз — кешірімді болу.

Ілмектер: өмір, кешірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Конфуций
WhatsApp Telegram

Біреудің қатесін орынсыз кешіруге болмайды.

Ілмектер: қате, кешірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өз кінәсін, қателігін мойындаған, онымен келіскен адам бостандыққа шығарылады және кешіріледі, ал сылтау іздеп ақталатын, айыпсызбын деп өзін санайтын, басқаларын кінәлайтын, мәңгілікке өзін, түрмеге жабады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Кінәлау, қателік, мойындау, бостандық, кешірім, сылтау, Ақталу, айып, мәңгілік, түрме Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Есiңiзде болсын, сұхбаттасыңыз толығымен әдiл болмауы мүмкiн. Бiрақ ол бұлай ойламайды. Оны сөге көрмеңiз, бұл тек ақымақтың тiрлiгi. Оны түсiнуге тырысыңыз. Тек ақылды, кешiрiмдi, сирек кездесетiн адамдар ғана осылай iстейдi.

Ілмектер: әділ, ақыл, кешірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Дейл Карнеги
WhatsApp Telegram

Өтiрiктi кешiруге болады, ақтауға болмайды.

Ілмектер: өтірік, кешірім, ақтау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шерхан Мұртаза
WhatsApp Telegram

Кісілігін жоғалпаса — жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де болады.

Ілмектер: кісілік, жау, кешірім, кешіру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Өз қателігіңді мойындауға батылың жеткенде ғана, оған кешіріммен қарауға болады.

Ілмектер: қателік, кешірім, мойындау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Брюс Ли
WhatsApp Telegram

Кешіру мықтылардың ісі. Әлсіздер кешірімді бола алмас.

Ілмектер: кешірім, нақыл, афоризм Махатма Ганди
WhatsApp Telegram

Өтірікті кешіруге болады, ақтауға болмайды.

Ілмектер: өтірік, кешірім, нақыл, афоризм Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Орынды сөйлейтін адам кешірім сұрауға мәжбүр болмайды.

Ілмектер: адам, cөз, кешірім, тіл Фатих Сұлтан Мехмед
WhatsApp Telegram

Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер.

Ілмектер: кешірім, кәрі Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Кісілігін жоғалтпаса - жауыңның қайсыбір иттігін кешіруге де болады.

Ілмектер: жау, кешірім, кісілік Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Қандай тілде болса да ең керемет, ең әдемі сөз - «мен сені кешірдім».

Ілмектер: тіл, кешірім, кешіру, сөз, әдемі Стивен Кинг
WhatsApp Telegram

Ана жүрегі тым терең, сол тереңдіктен сіз кешірім таба аласыз.

Ілмектер: кешірім, ана туралы нақыл сөздер Оноре де Бальзак
WhatsApp Telegram