Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"сылтау" туралы ұлағатты сөздер жинағы.
Атқа мініп жүре алмайтынға жуас та асау, жебе де қысқа, тартпа да бос, ердің үсті де қолайсыз, тізгін де ұзын көрінеді — барлық сылтауды жайып салады.
Ілмектер: сылтау, жуас, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Өз кінәсін, қателігін мойындаған, онымен келіскен адам бостандыққа шығарылады және кешіріледі, ал сылтау іздеп ақталатын, айыпсызбын деп өзін санайтын, басқаларын кінәлайтын, мәңгілікке өзін, түрмеге жабады.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Кінәлау, қателік, мойындау, бостандық, кешірім, сылтау, Ақталу, айып, мәңгілік, түрме Нарша Булгакбаев
Біз өз-өзімізге адал болсақ, көпшілігіміз бала кезімізден бергі арман-мақсаттарымызды әлі күнге дейін іске асыра алмай қиялдап жүрміз. Бірақ өз құрбандығымызды басқа жұмыстарым, шаруаларым бар деу арқылы ақтап аламыз. Біз өзімізді толығымен ақтап шығару үшін бос сылтауларды ойлап табамыз.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адал, бала, арман, мақсат, Қиял, Құрбан, жұмыс, шаруа, Ақталу, сылтау Нарша Булгакбаев
Өтірік айтуға сылтау аз болғанда емес, өтірік аз айтқан уақытта өтірік аз айтылады.
Ілмектер: өтірік, сылтау, өтірік айту Франц Кафка
Істегісі келетін адам — мүмкіндік, ал істегісі келмейтін — сылтау іздейді.
Ілмектер: мүмкіндік, сылтау, іс, жауапкершілік Сергей Павлович Королёв
Жалқаудың жанына барсаң, сылтаудың астында қаласын.
Ілмектер: жалқау, сылтау, нақыл афоризм Қайып Айнабекұлы
Біреу – жұмыс қылайын десем тұрған жерім жаман дейді, біреу – маңайымдағы елім жаман дейді: бұлардың бәрі де – бос сөз!
Ілмектер: жұмыс, сылтау Ахмет Байтұрсынұлы
-
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі