Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (5) Өлеңдер (23) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (18)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"Қиял" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"Қиял" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "Қиял" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: ақылға, қиялға, көңілге.

Ілмектер: сөз өнері, сана, ақыл, қиял, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Бір нәрсе туралы пікірімізді, яки қиялымызды, яки көңіліміздің күйін сөз арқылы жақсылап айта алсақ, сол сөз өнері болады.

Ілмектер: пікір, қиял, көңіл, сөз өнері, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Адамзат жиі ойдан шығарылған бірдеңелерге қанағаттанып жүре береді: батылдық жетпеген жерде қиял озады.

Ілмектер: батылдық, қиял, адамзат, ой, қанағат Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Қиял да біздің психологиямыздың шығармашылық қабілеттерінің біріне жатады.

Ілмектер: қиял, психология, шығармашылық, қабілет Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Нақты өмірден гөрі қиял əлемінде өмір сүруді ұнататын бір адамдар болады.

Ілмектер: өмір, қиял, әлем Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Адамның қайталанбас қасиеттерінің ең зор көрініс табатын жері — оның қиялы.

Ілмектер: қасиет, қиял Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Бала қиялында сəбидің өзі де əлдекімдерге билік жүргізетін көріністер міндетті түрде кездеседі.

Ілмектер: бала, қиял, сәби, көрініс, билік, міндет Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Арман – бос қиял, мақсат – бос ерік-жігер, ең жақсысы – бүгін күнің кешегі күнмен салыстырғанда одан әрі дамуың. Кейін өзгені кінәламау үшін (тағдырды, Алланы, өмірді), арман-мақсаттар адам сенерлік, өмірде жүзеге асыра алатындай болуы керек.

Ілмектер: Арман, мақсат, қиял, ерік, жігер, жақсы, бүгін, кеше, даму, Кінәлау, тағдыр, Алла, өмір, сенім Narsha Bulgakbaev
WhatsApp Telegram

Шын Иманды қиялмен таппас, Құран арқылы ғылыммен табар, ғылыммен тапқаны ақиқат болса, ақиқат іштен Нұр болып жауар.

Ілмектер: иман, Қиял, құран, ғылым, ақиқат, нұр Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Қиянатсыз ойлауды меңгергенде, қиялыңның бәрі де шынға айналар...

Ілмектер: қиял, ой, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Тыныштықбек Әбдікәкімұлы
WhatsApp Telegram

Біз өз-өзімізге адал болсақ, көпшілігіміз бала кезімізден бергі арман-мақсаттарымызды әлі күнге дейін іске асыра алмай қиялдап жүрміз. Бірақ өз құрбандығымызды басқа жұмыстарым, шаруаларым бар деу арқылы ақтап аламыз. Біз өзімізді толығымен ақтап шығару үшін бос сылтауларды ойлап табамыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, адал, бала, арман, мақсат, Қиял, Құрбан, жұмыс, шаруа, Ақталу, сылтау Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Бейсананың жасырын күштері баяу және жүйелі концентрация (керегін қалдырып, артығын алып тастау) процесінде дамып, біздің ерік-жігеріміз, ақылымыз бен қиялымыз арқылы басқарылуы керек.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сана, ерік-жігер және жүрек, ақыл, Қиял Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Ақтық демі таусылғанша ой ойлап, қиял қанатында ұшатындығымен де адам биік, адам ұлы.

Ілмектер: адам, ұлы, биік, ой, қиял, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шыңғыс Айтматов
WhatsApp Telegram

Қиялдай алмайтын адам өзгелерге құрмет көрсете де, мейірімді бола да алмайды.

Ілмектер: қиял, адам, құрмет, мейірім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Суретшінің қолы, қиялы және жүрегі бірге жұмыс істесе ғана тамаша сурет шығады.

Ілмектер: суретші, қол, қиял, жүрек, сурет, тамаша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Қиял күші – барлық нәрсенің негізі. Сіздің күтіп тұрған көркемдіктің фрагменті секілді. Қиял күші білімнен де маңызды

Ілмектер: Қиял, Қиял күші Альберт Эйнштейн
WhatsApp Telegram

Қиялыңда елестете алғанның бәрі рас.

Ілмектер: қиял, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Пабло Пикассо
WhatsApp Telegram

Жастық армандамаса, адам өмірі бір нүктеде қатып қалар еді, міне содан да жастық қиялының жарқ-жұрқ еткен қабығы ішінде ұлы-ұлы мұраттардың дәні көзден таса құпия өсіп-өніп шыққан ғой.

Ілмектер: жастық шақ, арман, қиял, мұрат Константин Ушинский
WhatsApp Telegram