Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"айып" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "айып" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Өз кінәсін, қателігін мойындаған, онымен келіскен адам бостандыққа шығарылады және кешіріледі, ал сылтау іздеп ақталатын, айыпсызбын деп өзін санайтын, басқаларын кінәлайтын, мәңгілікке өзін, түрмеге жабады.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Кінәлау, қателік, мойындау, бостандық, кешірім, сылтау, Ақталу, айып, мәңгілік, түрме Нарша Булгакбаев
Ақың болса біреуде, айыбын тап та ала бер: ерегісіп ұрыспа, жөн болса да, атың шықпас дұрысқа.
Ілмектер: ақы, айып, нақыл, афоризм, ұрыс, қанатты сөздер Асан қайғы
Сенi оң iсiң үшiн айыптаса, көңiлiң марқайсын.
Ілмектер: айып, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий
Ақылы түгел, ойлы адамның баласы — осы адам баласының жалықпайтын нәрсесi бар ма? Тамақтан да, ойыннан да, күлкiден де, мақтаннан да, кербездiктен де тойдан да, топтан да, қатыннан да, көңiл аз ба, көп пе жалығады. Оның үшiн бәрiнiң айыбын көредi, баянсызын бiледi, көңiлi бұрынғыдан да суи бастайды.
Ілмектер: адам, көңіл, айып, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тамақ, ойын, күлкі, мақтан, кербез Абай Құнанбайұлы
Ақылға саңыраулық та – айып.
Ілмектер: ақыл, айып, саңырау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әлихан Бөкейханов
Кісінің бір ғайыбын маған айтқан адам – менің жүз ғайыбымды кісіге айтар.
Ілмектер: айып, кісі, айту Мұхтар Әуезов
Әділет тілесе – атамның да айыбын айтам.
Ілмектер: әділет, айып Мұхтар Әуезов
Кісі айыбын ашып айтқаннан, жапқан жақсы.
Ілмектер: жасыру, тәрбие, айып, адамгершілік Жүсіп Баласағұни
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі