Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақал-мәтелдер (9) Ұлағатты сөздер (6)

Ақы — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "ақы" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ақың болса біреуде, айыбын тап та ала бер: ерегісіп ұрыспа, жөн болса да, атың шықпас дұрысқа.

Ілмектер: ақы, айып, нақыл, афоризм, ұрыс, қанатты сөздер Асан қайғы
WhatsApp Telegram

Қанағатсыз билердi қабан деген,
Қамшылатқан жүйрiктi шабан деген.
Бiреудiң ақысына зорлық қылған,
Қиянат қияметте жаман деген.

Ілмектер: зорлық, ақы, афоризм, қанатты сөздер, нақыл, қиянат, қиямет, жаман, қанағатсыздық Ормамбет би
WhatsApp Telegram

Сұғанақ болып бiреудiң ақысын жеп, жерiн даулап, елiн жаулап алайық деуден аулақ бола тұрып, сыбағаңнан, өзiне тиесiлi игiлiктен айрылу — бейшаралық.

Ілмектер: ақы, жер, дау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бейшара, сыбаға Шерхан Мұртаза
WhatsApp Telegram

Емшілер кеседі, күйдіреді, ауыруды қинайды, сосын осы жұмысы үшін ақы алады.

Ілмектер: емші, ауру, ақша, ақы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит
WhatsApp Telegram

Кітап ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына.

Ілмектер: кітап, ақыл, қазына, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақы Әлішер Науаи
WhatsApp Telegram

Мүсәпірдің ақысын жеме - тозақта күйерсің.

Ілмектер: мүсәпір, ақы, тәлім-тәрбие, өсиет, тозақ Саиф Сараи
WhatsApp Telegram