Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (6) Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (18)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"ұрыс" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"ұрыс" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "ұрыс" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ұрыста өмір ешкімге сыйға берілмейді, жеңіп алынады.

Ілмектер: өмір, соғыс, ұрыс, нақыл, жеңіс, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ұрыста бәрі тексеріледі, адамның барлық жеке қасиеттері сынға түседі.

Ілмектер: ұрыс, қасиет, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сын Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ұрыс өнері дегеніміз — бұл ұрысты азырақ шығынмен жеңіп шығу деген сөз.

Ілмектер: ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ұрыс идеалы дегеніміз — бұл ұрысты шығынсыз жеңіп шығу.

Ілмектер: ұрыс, идеал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Адамның жан-дүниесі — ұрыста ең қатерлі, көзге көрінбейтін қару. Жан дүниесіне заң бойынша бірінші орын тиесілі, оған күш-қуаты жағынан теңесер күрес құралы жоқ және болмайды да.

Ілмектер: Адам, жан-дүние, ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Жеке үлгі-өнеге ұрыста басқару құралы болып табылады.

Ілмектер: үлгі-өнеге, ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ұрыс жүргізе жүріп үйрен, шыңдала, әрі батылдана түс.

Ілмектер: Ұрыс, үйрен, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өлімге асықпай, ұрыс жүргізуді үйрен.

Ілмектер: өлім, ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Адамның көтеріңкі көңіл-күйі — ұрыста ең айбарлы қару.

Ілмектер: адам, көңіл-күй, ұрыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ұрыста тәуекел ету де — ерлік.

Ілмектер: ерлік, ұрыс, соғыс, тәуекел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ұрыс жалған батырлықтың бет пердесін сыпырып тастайды.

Ілмектер: ұрыс, батырлық, жалған, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ақың болса біреуде, айыбын тап та ала бер: ерегісіп ұрыспа, жөн болса да, атың шықпас дұрысқа.

Ілмектер: ақы, айып, нақыл, афоризм, ұрыс, қанатты сөздер Асан қайғы
WhatsApp Telegram

Адамдардың заңы: жақсылық құру және ұрыс дау дамайдан аулақ болу.

Ілмектер: нақыл, афоризм, заң, ұрыс, дау, жақсылық Лао-цзы
WhatsApp Telegram

Тыныш кезде бұзаудай момын бол, ұрыс кезінде аш қасқырдай шап!

Ілмектер: момын, ұрыс Рашид әд-Дин
WhatsApp Telegram

Күншілдік адамдар арасындағы ұрыс-керіске бастама болады.

Ілмектер: күншілдік, ұрыс, керіс Демокрит
WhatsApp Telegram

Қызғаныш қайда болса, ұрыс сол жерде.

Ілмектер: ұрыс, қызғаныш, қызғаншақтық Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Жанжалдың шоғы қызарса - ақылдың суын сеп.

Ілмектер: ақыл, жанжал, ұрыс Саиф Сараи
WhatsApp Telegram