Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер. Ілмектер: кешірім, кәрі Василий Сухомлинский Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қарттардың адамдық осалдықтарына кешірімді бола біліңдер.
Ханнан тақыт таярда - қараша жұртпен хас болар, Байдан бақыт таярда — дәулетіне мас болар. Кәріден абырой таярда — аңдығаны ас болар, Жетесіз туған жігіттер — жиырма бесте жас болар. — Шал Құлекеұлы адам, өмір
Абай үйінде отырып, өзінің досы Бегештен: - Дауасыз не? Арзан не, қымбат не? - деп сұрапты. Бегеш оған: - Дауасыз - кәрілік; арзан - өтірік; қымбат - шындық,- деп жауап береді. — Абай Құнанбайұлы Абай, қымбат
Жас та өтер, бірте-бірте кәрі де өтер, Баянсыз бұл жалғанның бәрі бекер. Жаһанда мәңгі жасар жан жоқ, сірә, Кетеміз, кетті, келер, тағы кетер... — Омар Хайям өмір, кәрілік
Кәрінің үш түрі болады: біріншісі - қадірлі қария, екіншісі - қазымыр кәрі, үшіншісі — қадірі жоқ қыдырма шал. — Сырым Датұлы кәрі, қадірлі
Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады, Шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады. — Әйтеке би кәрі, қазына
Сақалын сатқан кәріден, Еңбегін сатқан бала артық — Абай Құнанбайұлы еңбек, кәрі
Төрт нәрседе үміт бар: жас - өсемін деп үмітті, жалғыз — көбейемін деп үмітті, жарлы - байимын деп үмітті, ауру — жазыламын деп үмітті. Көктемі мен жазы кетіп, жапырағы қуарған ағаштай ұрты солып, жағы суалған кәрілікте ғана үміт жоқ. — Жиренше шешен үміт, жас
Он бес жас — құйын қуған желмен тең, жиырма жас — дауыл ұрған көлмен тең, отыз бес — ағып жатқан селмен тең, қырық бес — аю аспас белмен тең, жетпіс бесте - өр көңілің жермен тең. Сексенде — селкілдеген шал боларсың, тоқсанда — сексенге де зар боларсың, жүзге келсең — дүние қызығынан күдеріңді үз: өлмей тірі жүргенге мәз боларсың. — Жиренше шешен жас, жастық шақ
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі