Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (3) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (15) Ұлағатты сөздер (13)

"сыйлау" туралы Ұлағатты сөздер

"сыйлау" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "сыйлау" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Жылтыраған жүзін сыйлама
Кісілігін сыйла,
Жылтыраған сөзін сыйлама
Түсінігін сыйла.

Ілмектер: сыйлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Адамның парыз-қарызы сыйлауда...

Ілмектер: адам, қарыз, парыз, сыйлау, сый, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Өзін сыйламаған басқаны сыйлауға қабілетсіз.

Ілмектер: сыйлау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Ата-бабасын сыйламау – азғындықтың белгісі.

Ілмектер: ата-баба, сыйлау, азғындық, нақыл, афоризм Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Қартайсаң да қарт бабаңды сыйлай біл,
Күндердің күні болғанда
Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес.

Ілмектер: қарттық, сыйлау, құрмет Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Қазақ дәстүрі тек ата-ананы ғана емес, жалпы адамды сыйлауға баулиды.

Ілмектер: дәстүр, ата-ана, сыйлау, нақыл Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Қарттарыңды сыйлай біл: күндердің күні болғанда кімдердің белі бүгілмес.

Ілмектер: қарт, сыйлау, сый, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Шектен тыс өзімшілдікке бой ұру - өзіңді сыйлағандықтың белгісі емес.

Ілмектер: сыйлау, өзімшілдік Федор Достоевский
WhatsApp Telegram

Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта да алмайды, ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас.

Ілмектер: ұлт, сыйлау Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Басқаша білмей қинауды,
Үйретті өзін сыйлауды.

Ілмектер: сыйлау, қинау Александр Пушкин
WhatsApp Telegram

Егер менен педагогикалық тәжірбиеңізге бір сөзбен анықтама беріңізші деп сұраса, былай дер едім: адамға мүмкіндігінше көбірек талап қойыңыз, адамды мүмкіндігінше көбірек сыйлаңыз.

Ілмектер: педагогика, тәжірибе, адам, талап, сыйлау Антон Макаренко
WhatsApp Telegram

Егер бізді біреу сыйламай қойса, біз оған қапаланып, қатты ренжиміз. Ал, шындығында пенденің барлығы өз ішінен өзін-өзі сыйламайды ғой.

Ілмектер: сыйлау, ренжу, пенде Марк Твен
WhatsApp Telegram