Сайын Назарбекұлы: мін, нақыл туралы айтқаны

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Қатысты бөлімдер:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз



Ұқсас ұлағатты сөздер

Жиі қойылатын сұрақтар

Бұл бетте қандай ұлағатты сөз берілген?

Сайын Назарбекұлы айтқан ұлағатты сөзі, мағыналы ойы мен нақыл сөзі бар.

Бұл беттен тағы не көруге болады?

Осы беттен ұқсас ұлағатты сөздерді, авторды және ілмектерді көруге болады.

Басқа пайдалы бөлімдер: