Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (70) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (11) Ұлағатты сөздер (14) Әзіл, анекдоттар (2)

Патша — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "патша" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Темірлан – ежелден сал-серілердің мекені.

«Өлең – сөздің патшасы». Бұл сөзді данышпан Абай айтқан. Өлеңді бүкіл сөз өнерінің патшасына айналдыру оңай емес. Өлеңді патшаға айналдыру үшін өзің де патша болуың қажет болар. Сөз өнерінде өзін патша сезінген Абайлар. Осы патша өнерге ғашық болып, сөз әлемінде патша болғысы келетіндер көп. Көбісі патша түгілі сөз өнерінің қолына су құюға да жарамай жүр.

Ілмектер: патша, өлең, сөз өнері Әбілда Аймақ
WhatsApp Telegram

Мұнда, біздің жердегі тірлігімізде патшалық құрушы — өндіріс.

Ілмектер: патша, өндіріс Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Жүрек - адамның ішкі сезімдерінің орталығы. Ал ақыл оның күйбең тірліктегі бірде құлы, бірде патшасы. Бұлардың ауыртпалығын көтеретін одан кейінгі - бауыр, өзінен төменгі мүшелерге қарайласады. Бауырдың кеңдігіне ешқашан теріс қарама.

Ілмектер: жүрек, ішкі сезім, ақыл, құл, патша, бауыр
WhatsApp Telegram

Көзі жеткен шындыққа ара түспеу — кісілікке мін.
Шырылдап жатқан әлсізге ара түспеу — жігіттікке мін.
Үйретері жоқ болса — үлкендікке мін.
Кешірімі жоқтық — адамшылыққа мін.
Дана сөзін елемей шала сөзін демесе — елдікке мін.
Баласынан жерісе — аналыққа мін.
"Бақа бастысын" сыйламаса — әйелдікке мін.
Шаңырақ көтере алмаса — еркектікке мін.
Жасы жетпей марқайса — ұлға мін.
Жасы жетпей сарғайса — қызға мін.
Жерінен елі жерісе — патша міні.
Жұрты жалаңаш, өзі тоқ — әкім міні.

Ілмектер: мін, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, шындық, әлсіз, кешірім, дана, ана, бала, әкім, патша, ұл, қыз, сыйлау, еркек, әйел Сайын Назарбекұлы
WhatsApp Telegram

Патшаның ең қымбаттысы — патшалығы,
Патшалығында — астанасы,
Астанада — сарайы,
Сарайында — төсегі,
Төсегінде — сұлуының махаббаты.

Ілмектер: сарай, махаббат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, патша, қымбат Үнді даналығы
WhatsApp Telegram

Елшісі епсіз патшаның бағы жанбайды.

Ілмектер: елші, бақ, патша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни
WhatsApp Telegram

Өмір сахнасындағы патша, уәзір, қолбасы, әскер, қызметші және басқалар сыртқы ерекшелік жағынан ғана бір-бірінен өзгеше, ал, түрлі образдардың мәні бірдей: жұрттың бәрі әлденені аңсаған және өз тағдырынан алаңдаған актер.

Ілмектер: өмір, сахна, әскер, патша, қызметші, жұрт, тағдыр, алаңдау, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Артур Шопенгауэр
WhatsApp Telegram

Заман азар уағында - патша айналар залымға.

Ілмектер: заман, патша, залым, афоризм, нақыл Қожа Ахмет Йассауи
WhatsApp Telegram

Жақсы әйел ұл туса - патшадан болмас кемдігі.

Ілмектер: әйел, ұл, патша, нақыл, афоризм Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Тәңірі алдына барғанда бәрі бірдей,
Патша болып мінсең де алтыннан тақ.

Ілмектер: алтын, патша, құдай Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Патша дана тұлға болғанда дүние шырайлана түс­пек.

Ілмектер: патша, дана, дүние Платон
WhatsApp Telegram

Төрден орын тимейді - патша болса да малы азға.

Ілмектер: төр, патша, мал, дүние Шортанбай Қанайұлы
WhatsApp Telegram

Тарих рақымсыз. Ол – ғұламаны да, бiлгiрдi де, өнер иесiн де, хандар мен патшаларды да аямайды. Ол өз заңына қарсы келгендердiң бәрiн езiп-жаншып жүре бередi. Тарих заңдары керi қайтуды бiлмейдi және оны жаратпайды.

Ілмектер: заң, патша, өмір Мұстафа Шоқай
WhatsApp Telegram