Өлең, жыр, ақындар

Қожа Ахмет Йассауи

Қожа Ахмет Ясауи–1093жылы тулыған түркістандық ғұлама, әулие. Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті. Әкесі – Исфиджабта даңққа бөленген әулие, Әзірет Әлінің ұрпағы Шейх Ибраһим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (Қарашаш ана).


Туындылары Нақыл сөздері

Ынтасыздың күні қараң.

Ілмектер: ынта, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Қожа Ахмет Йассауи

Кекірейген кердеңдерден қаш.

Ілмектер: афоризм, қанатты сөздер, нақыл Қожа Ахмет Йассауи

Нәпсіне ерген адам адасады. Енді жатса да, тұрса да оның жолдасы шайтан болады.

Ілмектер: нәпсі, шайтан, нақыл, қанатты сөздер Қожа Ахмет Йассауи

Үлкен-кіші адамнан иба кетті,
Қыз-бозбала жастардан әдеп кетті,
Мінез-құлық бұзатын әдет жетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Ілмектер: заман, мінез, мінез-құлық, қыз, адам, афоризм, нақыл Қожа Ахмет Йассауи

Халықтан мейірім кетті,
Момынға телі-тентек тақымы өтті,
Талтүсте талапайда ақым кетті,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Ілмектер: халық, мейірім, момын, заман, нақыл, афоризм Қожа Ахмет Йассауи

Заман азар уағында - патша айналар залымға.

Ілмектер: заман, патша, залым, афоризм, нақыл Қожа Ахмет Йассауи

Жамағаттың жақсыға құрметі жоқ,
Кішілердің үлкенге ізеті жоқ,
Патшалардың әділдік міндеті жоқ,
Бұл не деген заман болды, достар?!

Ілмектер: үлкен, құрмет, заман, әділдік туралы нақыл сөздер, әділдік, афоризм, нақыл, қанатты сөздер Қожа Ахмет Йассауи

Әділ сөйлеп, адал жүр.

Ілмектер: әділдік, сөз, афоризм, нақыл Қожа Ахмет Йассауи

Айтылған сөз, уәденің байламы жоқ,
Өтірікке шындықтың қайраны жоқ,
Шындық айттым осылай шырқыраған,
Құл Қожа-Ахмет сөзінің жалғаны жоқ.

Ілмектер: қоғам, заман, уәде, шындық Қожа Ахмет Йассауи

Құштарлықсыз жаратқанды да тани алмайсың.

Ілмектер: құштарлық Қожа Ахмет Йассауи

Тақуа болма, тентек болма - ғашық бол.

Ілмектер: ғашық, тақуа, тентек Қожа Ахмет Йассауи

Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.

Ілмектер: махаббат, үй, иман Қожа Ахмет Йассауи

Арыңды сақта, болсаң да малға кедей.

Ілмектер: ар, мал, кедей Қожа Ахмет Йассауи

Не болса да - сабыр қыл.

Ілмектер: сабыр Қожа Ахмет Йассауи

Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді.

Ілмектер: мал, дүние, байлық, өлім, жан Қожа Ахмет Йассауи

Бай малына мәз.

Ілмектер: бай, мал Қожа Ахмет Йассауи

Көзі жанып тұрмағанның ғашық болдым дегені бекер.

Ілмектер: ғашық Қожа Ахмет Йассауи

Ғашық патша да, ғашық пақыр да жауласа алмас.

Ілмектер: ғашық Қожа Ахмет Йассауи

Қам көңілдің қайғысына дауа бол,
Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.

Ілмектер: қайғы, дауа, жол, шаршау, сая Қожа Ахмет Йассауи

Кісі малын қымқырып, ары азғандар оңбайды.

Ілмектер: мал, ар Қожа Ахмет Йассауи

Қарап көріңіз