Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді. Ілмектер: мал, дүние, байлық, өлім, жан Қожа Ахмет Йассауи Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Мал-мүлік жидым деп мәз болма - жан кеткенде кетеді.
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Мен көрдiм дүние деген иттiң көтiн, Жеп жүр ғой бiреуiнiң бiреуi етiн. Ойлы адамға қызық жоқ бұл жалғанда Көбiнiң сырты - бүтiн, iшi - түтiн. — Абай Құнанбайұлы дүние, ой
Сарқылмайтын суат жоқ, Тартылмайтын бұлақ жоқ. Құйрығы суда тұрса да, Уақтысы жеткенде, Қурамайтын құрақ жоқ. Дүние деген пәни бұл, Баласы жоқта мият жоқ, Бәрінен қиын сол екен, Артыңда жанған шырақ жоқ... — Әйтеке би дүние, бұлақ
Құдайдан — қорық, пендеден — ұял: балаң бала болсын десең оқыт, мал аяма! — Абай Құнанбайұлы құдай, қорқу
Атаның ұлы жақсыға — малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі. — Шалкиіз Тіленшіұлы ата, ұл
Дүниеқоңыздық пен тойымсыздық есіңді алып, еркіңнен айырады. — Білге қаған Дүниеқоңыздық, тойымсыздық
Өсек, өтірік, мақтаншақ, Еріншек, бекер мал шашпақ – Бес дұшпаның, білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой – Бес асыл іс, көнсеңіз. — Абай Құнанбайұлы Қанағат, рақым
Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге, Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге. — Бұқар жырау тас, теңіз
Хабарлама
INFO
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі