Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (5) Өлеңдер (26) Мақал-мәтелдер (13) Ұлағатты сөздер (5)

"бұлақ" туралы Ұлағатты сөздер

"бұлақ" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "бұлақ" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Бұлақ та суалады, теңізге құя алмастан,
Терек те қуарады, жапырақ туа алмастай.

Ілмектер: бұлақ, теңіз, терек, жапырақ, қурау Қайнекей Жармағамбетов
WhatsApp Telegram

Ең ірі өзендер де шағын бұлақтардан басталады.

Ілмектер: өзен, бұлақ Пьер Тейяр де Шарден
WhatsApp Telegram

Өзендер мен көлдердiң жүздеген тау бұлақтарынан су жинайтын себебi, олар бұлақтардан төмен орналасқан. Осының арқасында олар барлық тау бұлақтарын уысында ұстайды. Сол сияқты, жоғары тұрғысы келген данышпан өзiн төменге қояды.

Ілмектер: данышпан, бұлақ, су, төмен, жоғары, өзен, көл, анықл, афоризм, қанатты сөздер, тау Лао-цзы
WhatsApp Telegram

Мен сурет салуды таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, ешкінің мүйізінен, анамның оюынан үйрендім.

Ілмектер: сурет салу, тау, бұлақ, ана, ою, үйрену Әбілхан Қастеев
WhatsApp Telegram

Сарқылмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Құйрығы суда тұрса да,
Уақтысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген пәни бұл,
Баласы жоқта мият жоқ,
Бәрінен қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ...

Ілмектер: дүние, бұлақ, шырақ Әйтеке би
WhatsApp Telegram