Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (16) Өлеңдер (53) Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (14) Әзіл, анекдоттар (1)

Қанша тасып-тулағанмен, су теңізді толтыра алмайды.

Ілмектер: су, теңіз, тасу Қорқыт ата

Теңіз біз туылғанға дейін тұңғиық, біз өлгеннен кейін де тұңғиық болады. Әрі кетсе біз сол тұңғиық теңіздегі құмның кішкентай ұнтағымыз.

Ілмектер: теңіз, тұғиық Сергей Довлатов

Егер кеме құрғың келсе жобалап, адам жинап, керек-жарақ, сайман іздеп керек емес. Тек теңіз жайлы адамдарға керемет әңгіме айтып бер. Сонда олар кемені өздері тұрғызып алады.

Ілмектер: әңгіме, кеме, теңіз Антуан де Сент-Экзюпери

Таудан аққан тас бұлақ тасыса құяр теңізге,
Қанша малы көп болсын, бай қуанар егізге.

Ілмектер: тас, теңіз, бай, егіз, мал, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау

Біз теңізге тамған тамшыдай ғана ақыл тыңдаймыз, есесіне оны шелектеп таратамыз.

Ілмектер: теңіз, ақыл, шелек, нақыл, қанатты сөздер, афоризм Конфуций

Байлық теңіз суы секілді, ішкен сайын шөлдейсің. Атақ-даңық та сондай нәрсе.

Ілмектер: байлық, теңіз, су, атақ, даңқ, шөлдеу Артур Шопенгауэр

Теңіз суы әрі ащы, әрі тәтті. Балық ішсе ол тәтті. Адам ішсе ол ащы.

Ілмектер: теңіз, су, ащы, тәтті, адам, балық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Адам баласы — теңіз дауылындағы кеме іспетті. Компас сынып, карта ескіріп, капитан борттан шет қалғанда, матростар кезекпен оның орнын ауыстыруға мәжбүр. Тек штурвалдың әр бұрылысын тек командамен емес, палубадағы көбейіп жатқан жолаушылармен де ақылдасу керек.

Ілмектер: адам, теңіз, дауыл, кеме, компас, карта, ақылдасу, капитан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Ел — теңіз, түбінде талай асыл жатыр.
Сүңгіп жүріп ердің ері табады.

Ілмектер: теңіз, ел, ер, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Жаратылыста:
Сұлулар бұзықтар жолында кетеді,
Билікті алаяқ қолында кетеді.
Байлықты сарандар сауады,
Жауын теңізге жауады.

Ілмектер: сұлу, билік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, сараңдық, жауын, теңіз Үнді даналығы

Теңіздегі лағыл, маржан — өлең де,
Таба алмайды сүңгімеген тереңге.

Ілмектер: теңіз, маржан, өлең, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Ақын көңіл теңізіне батады,
Інжу, гауһар, жақұт нұрын шашады.

Ілмектер: Ақын, көңіл, теңіз, Інжу, гауһар, жақұт, нұр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіп Баласағұни

Өз желкенін Жердің тынысына тура келтіріп кергендер алысқа айдап, ашық теңізге алып шығар ағысқа ілігеді.

Ілмектер: желкен, теңіз Пьер Тейяр де Шарден

Бұлақ та суалады, теңізге құя алмастан,
Терек те қуарады, жапырақ туа алмастай.

Ілмектер: бұлақ, теңіз, терек, жапырақ, қурау Қайнекей Жармағамбетов