Өлең, жыр, ақындар

Антуан де Сент-Экзюпери

Антуан Мари Жан-Батист Роже де Сент-Экзюпери(фр. Antoine Marie Jean-Baptiste Roger de Saint-Exupéry; 29 маусым, 1900 жыл, Лион, Франция- 31 шілде 1944 жыл) - француз жазушысы, ақыны және кәсіби ұшқышы.


Туындылары Нақыл сөздері

Ақ, сары, қара түсті балалық шақ жоқ. Балалықтың түсі біреу-ақ болуға тиіс: ол ақ кептердің қанаты мен күн сәулесінің түсі...

Ілмектер: балалық шақ, кептер, күн, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Антуан де Сент-Экзюпери

Сен денеңде емес, өз амалдарыңда өмір сүресің. Сен – өз амалдарыңсың, басқасы емес.

Ілмектер: Өмір, амал Антуан де Сент-Экзюпери

Егер кеме құрғың келсе жобалап, адам жинап, керек-жарақ, сайман іздеп керек емес. Тек теңіз жайлы адамдарға керемет әңгіме айтып бер. Сонда олар кемені өздері тұрғызып алады.

Ілмектер: әңгіме, кеме, теңіз Антуан де Сент-Экзюпери

Біреудің жанын жаралап алудан сақтаныңыз, әйтпесе ол адамның кек алғаннан кейін ғана ашуы тарқауы мүмкін.

Ілмектер: ашу, кек Антуан де Сент-Экзюпери

Досың сені сынауға құмар адамдар қатарында жоқ.

Ілмектер: дос, сынау, құмар, адам Антуан де Сент-Экзюпери

Ешқашан төзіміңді жоғалтпа: ол - есікті ашатын соңғы кілт.

Ілмектер: төзім, шыдамдылық Антуан де Сент-Экзюпери

Қарап көріңіз