Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (5) Өлеңдер (27) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (8) Ұлағатты сөздер (11)

Бір өзенге екі рет түсе алмайсың, бұл адам да, бұл өзен де өзгеріп кетеді.

Ілмектер: өзен, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит

Терең өзен шымырлап қана ағады.

Ілмектер: терең, өзен, ағыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уильям Шекспир

Бақыт күле қараған адаммен дауласпа және кемерiнен асқалы тұрған өзеннiң жағасында тұрма.

Ілмектер: бақыт, дауласу, өзен, жаға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ахикар

Өзендер мен көлдердiң жүздеген тау бұлақтарынан су жинайтын себебi, олар бұлақтардан төмен орналасқан. Осының арқасында олар барлық тау бұлақтарын уысында ұстайды. Сол сияқты, жоғары тұрғысы келген данышпан өзiн төменге қояды.

Ілмектер: данышпан, бұлақ, су, төмен, жоғары, өзен, көл, анықл, афоризм, қанатты сөздер, тау Лао-цзы

Өмір заңдылықтары өз суларын бейбіт түрде ағызып жатқан өзен сияқты жəне сіз бақытты немесе бақытсызсыз ба, жақсы немесе жаман адамсыз ба, сәтті немесе сәтсіз екеніңізге мүлдем бей-жай, бейқам, қарамайды. Ол жай ағып жатыр. Біреу бұл өзенге қайғыру, мұңаю үшін келеді, біреу бұл өзенге қуану, шаттану үшін келеді, бірақ табиғат заңдылықтары бізге мəн бермейді. Біз оның салқын суына қуана шомыла аламыз немесе жартастан құлап, батып та кете аламыз. Өзен əрдайым ағып жатады, өйткені ол бейтарап, ешкімді алаламайды, риясыз. Дегенмен өмір заңдылықтары бізді қолдай да, жоя да алады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, Заң, бейбіт, Өзен, бақыт, жақсы жаман, Сәттілік, табиғат Нарша Булгакбаев

Біз өмірден (ортадан) тек ақылмен қабылдай алатын ақпаратты ғана ала аламыз. Бір адам дүние (өмір) өзенінен ризық-нығметтерді (байлық, танымалдылық, атақ, мүлік, билік) шай қасықпен, ал екіншісі кесемен алады. Үшіншісі шелекпен, ал ең ақылдысы бөшкемен алады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, қоршаған орта, ақыл, ақпарат, дүние, Өзен, ризық, нығмет, байлық, атақ, мүлік, билік, шай, қасық, Кесе, шелек, бөшке Нарша Булгакбаев

Өзеннiң арғы бетiнен тура осы тұсқа өтуiң керек болса, жоғарырақ ал. Сонда ғана ағыспен керектi тұсыңа барасың.

Ілмектер: өзен, ағыс, нақыл, қанатты сөздер, афоризм Лев Толстой

Кәрілік келсе - жігіттіктен қол үз: өзен кері ақпайды.

Ілмектер: кәрілік, өмір, өзен Саиф Сараи

Өмір өзенінде еркін жүзгіңіз келсе сіз сұр, өкінішті өмірге балама бар екені туралы білу керексіз. Егер сіз өз жүрегіңізді жаңа идеяларға, құндылықтар мен сенімдерге ашуға дайын болсаңыз, онда сіз ойлау процесін қалай қайта құруға жəне тұрақты идеалды «Мен» -ді қалай қалыптастыруға болатындығын білетін боласыз. Сіз кім болсаңыз да, не істесеңіз де, қандай жағдайда болсаңыз да, сіз өзіңізге толықтай сенімді, бақытты бола аласыз. Мұны үйрену сіз ойлағаннан да əлдеқайда оңай! Тек өзіңізбен де, өзгемен де шынайы болуға әрқашан дайын болыңыз, жалған маскамен өмір сүрмеңіз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Өмір, Өзен, еркіндік, жүзу, Сұр, өкініш, балама, туралы, білім, жүрек, жаңа, идея, құндылық, сенім, идеализм, тұрақты, мен, жағдай, сенімділік, бақыт, үйрену, оңай, шынайылық, жалған дүние, маска Нарша Булгакбаев

Тасыған өзен арнасынан асады, жерді көгертеді, тасыған көңіл таудан да асады, елді жирентеді.

Ілмектер: өзен, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Ең ірі өзендер де шағын бұлақтардан басталады.

Ілмектер: өзен, бұлақ Пьер Тейяр де Шарден