Әбілда Аймақ нақыл сөздері

Әбілда Аймақ нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Әбілда Аймақ дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Дүниеде ақын да бар, жазушы да бар. Сонымен қатар, суреткер де бар. Егер қаламынан суреткерлік туындамаса, ол ақын да, жазушы да емес. Ол кәдімгі баяндаушы.

Ілмектер: дүние, ақын, жазушы, суреткер, қалам, баяндаушы Әбілда Аймақ
WhatsApp Telegram

Өмірде отты да – мен,текті де – мен,
Әруақты, арқалы да, епті де – мен.
Сырт көзге өтенім бар, бақыттымын,
Ендеше, неге ғана көп түнерем.

Ілмектер: Өмір, бақыт Әбілда Аймақ
WhatsApp Telegram

Темірлан – ежелден сал-серілердің мекені.

«Өлең – сөздің патшасы». Бұл сөзді данышпан Абай айтқан. Өлеңді бүкіл сөз өнерінің патшасына айналдыру оңай емес. Өлеңді патшаға айналдыру үшін өзің де патша болуың қажет болар. Сөз өнерінде өзін патша сезінген Абайлар. Осы патша өнерге ғашық болып, сөз әлемінде патша болғысы келетіндер көп. Көбісі патша түгілі сөз өнерінің қолына су құюға да жарамай жүр.

Ілмектер: патша, өлең, сөз өнері Әбілда Аймақ
WhatsApp Telegram

Әдебиетіміздің келешегін тек жазушылар ғана емес, бүкіл қоғам болып ойлануымыз қажет.

Ілмектер: әдебиет, келешек, жазушы, қоғам Әбілда Аймақ
WhatsApp Telegram

Дүмшеден дәріс алған дүмше болады. Әдебиеттегі дүмшелер көркем дүниеге барынша кесірін тигізіп келеді.

Ілмектер: дүмше, Дәріс, әдебиет, кесір Әбілда Аймақ
WhatsApp Telegram