Өлең, жыр, ақындар

Шортанбай Қанайұлы

Шортанбай Қанайұлы (1818, қазіргі Жамбыл облысы Қаратау өңірі – 1881, қазіргі Қарағанды облысы Шет ауданы) – ақын, діни қайраткер. Ол Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған.


Туындылары Өлеңдері Нақыл сөздері

Өлгеніңше - тою жоқ, түңілмей - ырза болу жоқ.

Ілмектер: ырзалық, нақыл, афоризм Шортанбай Қанайұлы

Төрден орын тимейді - патша болса да малы азға.

Ілмектер: төр, патша, мал, дүние Шортанбай Қанайұлы

Жылқының құты - айғыр-ды, бұқаның құты - бура ғой.

Ілмектер: жылқы, бұқа, құт Шортанбай Қанайұлы

Қайыры жоқ ас сақтап, дәмді харам шайнама.

Ілмектер: ас, харам Шортанбай Қанайұлы

Өлімге де - мал керек, батырға да - жан керек.

Ілмектер: өлім, мал, батыр, жан Шортанбай Қанайұлы

Зекетсіз мал айдама.

Ілмектер: зекет, мал Шортанбай Қанайұлы

Сабыр қылсаң жетерсің - құдайдың болса берері.

Ілмектер: сабыр Шортанбай Қанайұлы

Ақыл - дария білгенге.

Ілмектер: ақыл, дария Шортанбай Қанайұлы

Халықпен - қастаспағайсың, жаманмен - достаспағайсың.

Ілмектер: халық, дос, жаман Шортанбай Қанайұлы

Қарап көріңіз