Басшысыз үйде бала азар, Тәртiп жоқ жерде жан азар, Хан мисызда бәрi азар. Iрiлiк кетiп жiгiттен, Күн кешер бекер үмiтпен. Ілмектер: бала, тәртіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, үміт Фариза Оңғарсынова Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Басшысыз үйде бала азар, Тәртiп жоқ жерде жан азар, Хан мисызда бәрi азар. Iрiлiк кетiп жiгiттен, Күн кешер бекер үмiтпен.
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды — Бауыржан Момышұлы тәртіп
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Бір бала бар — атасына жете туады, Бір бала бар — атасынан өте туады, Бір бала бар — көтінен кері кете туады. — Қазыбек Келдібекұлы бала, ата
Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі - ниет керек, одан соң - күш керек, одан соң - тәртіп керек. — Мұхтар Әуезов ниет, күш
Әйел-ана бір қолымен бала тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді. — Мұхтар Әуезов әйел, ана
Отбасы – адам өмірінің тамаша жақтары жүзеге асатын... адамның ең басты шаттығы болып саналатын балалардың өсіп, өмір сүретін орны. — Антон Макаренко отбасы, адам
Хабарлама
INFO
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі