Фильтр для воды
Корейская косметика премиум класса

Шарль Луи Монтескье

Монтескье Шарль Луи (фр. Charles-Louis de Seconda, Baron de La Brède et de Montesquieu; 18 қаңтар 1689 — 10 ақпан 1755), Шарль де Секонда, барон де Ла Бред и де Монтескье – француз ағартушысы, философ, социолог.
Негізгі еңбектері: “Парсы хаттары” (1721), “Заңдардың рухы туралы” (1748).


Нақыл сөздері

Әрбiр идея оның алдындағысынан пайда болып, өз кезегiнде кейiнгiсiне түрткi болады… мiне, сондықтан көңiл әрдайым жаңаны iздеп, ешқашан қол жеткендi мiсе тұтпайды.

Ілмектер: идея, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шарль Луи Монтескье

Бұзылғандықтың екi түрi бар: бiрi, халықтың заңдарды орындамауы; екіншісі: заңдардан халықтың азғындауы, соңғы дертке дауа жоқ, өйткенi оның себебi дәрiнiң өзiнен.

Ілмектер: заң, халық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дерт, дауа Шарль Луи Монтескье

Iрi наградалар керi кетушiлiктiң белгiсi… Ең нашар императорлар сый-сыяпатқа жомарт болатын.

Ілмектер: нашар, басшы, император, сый, сыяпат, жомарт, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шарль Луи Монтескье

Жоғары билiкке ұмтылу адамның мемлекеттiң мүддесiнен гөрi өз пайдасын көбiрек ойлайтынын көрсетедi.

Ілмектер: билік, мемлекет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, пайда Шарль Луи Монтескье

Елiту келбетке қарағанда ақылда жиiрек болады, өйткенi беттiң көркi бiрден байқалады да, ешқандай күтпеген нәрсе кездеспейдi; ал ақыл адамның қалауына қарай бiртiндеп ашылады.

Ілмектер: ақыл, көрік, келбет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шарль Луи Монтескье

Менiңше, бiрге жиналған кезде ең ұлы адамдар да топастанып қалады және данышпандар көп болған жерде даналық та аз болады.

Ілмектер: данышпан, даналық, топастық, афоризм, қанатты сөздер Шарль Луи Монтескье

Кітапты оқуды жақсы көру дегеніміз — тіршілікте болмай тұрмайтын жабырқау сағаттарды таптырмайтын рахатқа бөлеу деген сөз.

Ілмектер: кітап, оқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жабырқау, сағат, рахат Шарль Луи Монтескье

Адамдар да өсімдік тәрізді, жақсы күтілмесе, жайнап өспейді.

Ілмектер: адам, өсімдік, өсу, күтім Шарль Луи Монтескье


×