Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (7) Өлеңдер (2) Жоспарлар (1) Ұлағатты сөздер (3)

"әліпби" туралы Ұлағатты сөздер

"әліпби" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "әліпби" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Біз бүгін Ахаңның «Әдебиет танытқышын» Аристотельдің «Поэтикасымен» салыстырар едік. Мұның мәнісі – екеуі де: бірі – грек әдебиетінің, екіншісі – қазақ әдебиетінің әліпбилері.

Ілмектер: қазақ әдебиеті, әліпби, білім, оқу, Ахмет Байтұрсынұлы, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Зейнолла Қабдолов
WhatsApp Telegram

Жақсы әліпби тілге шақ болу керек. Өлшенбей тігілген о жер бұ жер бойға жуыспай, қолбырап, солбырап, тұрған кең киім сияқты артық әріптері көп әліпби де қолайсыз. Бойыңды қысып, тәніңді құрыстырып тырыстырып тұрған тар киім сияқты әрпі кем әліпби қолайсыз болады.

Ілмектер: әліпби, әріп Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы.

Ілмектер: тіл, әліп-би, әліппе, әліпби Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram