Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"жақсы көру" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "жақсы көру" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Жалпы адам баласын жақсы көріп, оның бақыты үшін күресу — ол үлкен жүректі алыптардың ісі. Ал жеке біреуді жақсы көру, сол үшін барыңды аямау — бәріміздің де қолымыздан келетін ерлік.
Ілмектер: ерлік, жақсы көру, бақыт, күрес, жүрек Ілияс Есенберлин
Біріңді-бірің жақсы көру үшін де бейбіт қатар өмір сүру керек.
Ілмектер: жақсы көру, бейбіт, өмір Пьер Тейяр де Шарден
Адамның қолынан келетін ең үлкен нəрсе — бір немесе бірнеше таңдаулы жан иелерін жақсы көретіндігін аңғару ғана.
Ілмектер: жақсы көру Пьер Тейяр де Шарден
Өмірді жақсы көр, себебі оны Алла жаратты. Өмірде жүрген өзің сияқты адамдарды жақсы көр, себебі оларды да Алла жаратты. Адамның жаратқанын жақсы көр, себебі оларға жаратуды Алла үйретті. Сонда адам нені жек көруі керек? Алланың жауы болған Шайтанның сыбырлағанын.
Ілмектер: Алла, өмір, жақсы көру, жарату, адам, шайтан Нарша Булгакбаев
Жек көру объектісіне айналып көрмеген адам өзін толық жақсы көре алмайды.
Ілмектер: жақсы көру, жек көру Жорж Батай
Жақыныңды жақсы көру — адам нанғысыз дүние. Бір вирусқа екінші бір вирусты жақсы көруін бұйыруға бола ма екен?
Ілмектер: жақсы көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Эмиль Чоран
Адам өзін қашан артық жақсы көре бастайды, сол кезде бұзыла бастайды.
Ілмектер: адам, жақсы көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын
Біз өзіміз жақсы көретін дүниеге қалай қол жеткізуге болатынын ойлауымыз керек. Сол арқылы әлемді жаңартамыз.
Ілмектер: жақсы көру, дүние, қол жеткізу, ойлау, әлем, жаңарту, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск
Құдайдың өзі махаббат, басқаларды жақсы көретін адам әрдайым Құдаймен бірге, Құдай да сол адаммен.
Ілмектер: махаббат, адам, жақсы көру, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой
Әйелді қаншалықты қатты жақсы көрсек, соншалықты жек көруге де бейімбіз.
Ілмектер: әйел, жақсы көру Франсуа де Ларошфуко
Жеке өз басым қаймақ қосылған бүлдіргенді жақсы көремін, алайда, неге екен белгісіз, балық құрттарды жақсы көреді. Сондықтан да, балыққа бара жатқанда өзімнің жақсы көретінімді емес, балықтың жақсы көретінін ойлап барамын.
Ілмектер: балық, қаймақ, жақсы көру, ойлау Дейл Карнеги
Билегенде, саған ешкім қарап тұрмағандай биле. Ән айтсаң, ешкім естіп тұрмағандай айт. Жақсы көрсең, сенің ешкім көңіліңді қалдырмағандай жақсы көр. Және бұл өмірде өзіңді жұмақта жүргендей сезін.
Ілмектер: би, ән, жақсы көру, өмір Марк Твен
Адамдарды күлкілі күйінде көрген кезде ғана сіз оларды қатты жақсы көретініңізді сезінесіз.
Ілмектер: күй, күлкілі, жақсы көру Агата Кристи
Егер сізді шынайы жақсы көретін жанға жолықсаңыз, ол сізден бір апта, бір ай, тіпті, бір жылдан соң да ешқайда кетпейді.
Ілмектер: махаббат, жақсы көру Габриэль Гарсиа Маркес
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі