Адамдарды күлкілі күйінде көрген кезде ғана сіз оларды қатты жақсы көретініңізді сезінесіз. Ілмектер: күй, күлкілі, жақсы көру Агата Кристи Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Адамдарды күлкілі күйінде көрген кезде ғана сіз оларды қатты жақсы көретініңізді сезінесіз.
Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып келеді. — Мұхтар Әуезов ән, күй
Өзі таза адам өзгеге күйе жаға алмайды. Күйе жағу үшін өзінде күйе болу керек. — Ғабит Мүсірепов таза, адам
Салың суға кетпесін. Салың ешқашан суға кетпесін. Менің үлкен жетістікке жетуімнің құпиясы ешқашан рухани күйремеу. Біреудің көзінше ешқашан рухани құлама. — Эрнест Хемингуэй жетістік, құпия
Өмірде мінсіз кісі болмайды. Қызға жігіт 100% жақсы боп ешқашанда кездеспейді. Жігітті 100% жақсы ететін əйел ғана. Сондықтан қыз балалардың дап-дайын күйеуге шыға қоямын деуі қиын. Ол жігіттердің де кінəсі емес. Олардың бұл істе тəжірибелері жоқ. Келіншекті қалай алу керектігін білсе де, онымен қалай өмір сүру керектігін білмейді. Оны жүре-жүре жігітке өмір үйретеді. — Әзілхан Нұршайықов өмір, жанұя
Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек. — Ахмет Байтұрсынұлы өткен, күй
Орындалған арман - бақыт, Орындалмаған арман - күйік. — Шерхан Мұртаза арман, бақыт
Тәннің сұлулығына ең жақсы шипалы дәрі — сергек әрі жайдарман көңіл күйі. — Кристофер Якоб Бустрём тән, сұлулық
Күйгелек пен жайбасар жолға шығыпты. Әңгімелесіп келеді. Күйгелек: Аузыңнан бір сөздің шығуы бір шыбыштың лақтауындай екен. Жайбасар: Сен байталша шаптыра сөйлейді екенсің. Күйгелек: Күн бұлттанды! Жүріңкірейік, жауып кетер. Жайбасар: Талай бұлттанатын, тарқайтын, жетерміз, ат қинамайық. Күйгелек: Ат қиналса қиналсын, ішім жарылмасын,—деді де тұра жөнелді. Жайбасар: Ішімді жармай-ақ, атымды қинамай-ақ мен де жетермін,— деп қала беріпті. — Ғабиден Мұстафин Күйгелек, жайбасар
Хабарлама
INFO
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі