Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (2) Ұлағатты сөздер (5)

Өткенді қуғанды қойып – осы күйіңді жөндеуге жөн іздеу керек.

Ілмектер: өткен, күй Ахмет Байтұрсынұлы

Өткен мен бүгінді жанжалдастырып жүріп, біз болашақты жоғалтқанымызды байқамай қаламыз.

Ілмектер: өткен, бүгін, жанжал, болашақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уинстон Черчилль

Өткенге тапаншадан оқ атсаң, болашақ саған зеңбiректен оқ жаудырар.

Ілмектер: өткен, тапанша, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, болашақ, зеңбірек, оқ Расул Ғамзатов

Бақыт, тыныштық және керемет денсаулық. Мұның бәрі сіздің өткеніңіз, бүгініңіз және болашағыңыз үшін жауапкершілік алудан қашпаудан басталады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, бақыт, тыныштық, денсаулық, өткен, бүгін, болашақ, жауапкершілік Нарша Булгакбаев

Барлығымыз болашағымызды жарқын етуге көмектесетін қызықты саяхатқа шыққымыз келеді. Біз алға ұмтылуға кедергі келтіретін сенімсіздікті қалай жоюды, сенімділікті қалай қалыптастыруды үйренгіміз келеді. Егер сіз өзіңізді тоқтап қалғандай сезінсеңіз, өзіңізді басқалардан төмен санасаңыз немесе өмірге сенімділікпен, ынта-жігермен (мотивациямен) қарай алмайтын болсаңыз сіз қазір өмірге наразысыз (өкпе, реніш, кек, наз, кінә, өкініш – жағымсыз сезімдер). Өткен өміріңіз қандай болмасын риза болу, бүгінгі күннен рухани ләззат алу және болашақтағы сізді күтіп тұрған нəтижелерге қанағаттанудан асқан қызықты саяхат жоқ. Шексіз сенімділік жағымсыз сезімдерден толық арылған кезде ғана орнайды.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, болашақ, саяхат, кедергі, сенімсіздік, сенімділік, сезім, Кінәлау, ынта, жігер, Мотивация, эмоция, өткен, бақыт, нәтиже, өкпелеу, ренжу, кек, наз, кінә, өкініш, қызықты, Рух, рухани байлық, рухани, ләззат Нарша Булгакбаев