Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (20) Өлеңдер (10) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (33) Ұлағатты сөздер (12)

"би" туралы Ұлағатты сөздер

"би" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "би" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Менің биім — өзімнің ақ жүрегім.

Ілмектер: би, жүрек, афоризм, нақыл, нақыл сөздер, Ұлағатты сөздер Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Қазіргі әншілер қайғыны биге, қасіретті арзан күлкіге, мұңды қуанышқа айналдырып жіберді.

Ілмектер: би, қасірет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әнші, қуаныш Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Би болмаған би болса,
Айтылмаған сөз қоймас.

Ілмектер: би, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Үмбетей Жырау
WhatsApp Telegram

Құл десең биді — күледі,
Құл десең құлды — өледі.

Ілмектер: құл, би, күлу, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы
WhatsApp Telegram

Би болмас — белін жуан буғанменен, тазармас заты жаман — жуғанменен.

Ілмектер: би, жаман, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы‎
WhatsApp Telegram

Биді кім болса содан қорықпайтындай, біреудің бетінің қызылына немесе біреудің жақсы жағасына қарамайтындай жағдайға қою шарт.

Ілмектер: әділдік, әділдік туралы нақыл сөздер, би Әлихан Бөкейханов
WhatsApp Telegram

Қазақта би болмаса, би деген сөздің өзі қайдан шыққан?

Ілмектер: қазақ, би Жұмат Шанин
WhatsApp Telegram

Хан қасында ақылды би болса - қара жерден кеме жүргізеді.

Ілмектер: ақыл, хан, би Майқы би
WhatsApp Telegram

Билегенде, саған ешкім қарап тұрмағандай биле. Ән айтсаң, ешкім естіп тұрмағандай айт. Жақсы көрсең, сенің ешкім көңіліңді қалдырмағандай жақсы көр. Және бұл өмірде өзіңді жұмақта жүргендей сезін.

Ілмектер: би, ән, жақсы көру, өмір Марк Твен
WhatsApp Telegram

Ақырзаман болғанда
Қатын би болар
Сиыр пұл болар
Туған балаң қу болар
Үй ішінде неше жан болса,
Бас-басына би болар.

Ілмектер: ақырзаман, қатын, бала, қу, би Мөңке би
WhatsApp Telegram

Ақшаның құлы болуға да, биі болуға да болады.

Ілмектер: ақша, құл, би, таңдау Роберт Кийосаки
WhatsApp Telegram

Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.
Ашу деген - ағын су,
Алдын ашсаң, арқырар.
Ақыл деген - дария,
Алдын тоссаң, тоқырар.
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.

Ілмектер: ақыл, сөз, олжа, жол, ашу, су, дария, ағын су, Әйтеке би, әйтеке бидің шешендігі, туысқан, Әйтеке, би Әйтеке би
WhatsApp Telegram