Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Өлеңдер (8) Мақал-мәтелдер (116) Ұлағатты сөздер (7)

"қатын" туралы Ұлағатты сөздер

"қатын" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "қатын" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

...анау ұнамайды мынау ұнамайды деп жүргенде не кәрі қыз боласың, не таптым, мінезі сұмдық, менің теңім дейсің де көп ұзамай ажырасасың. Себебі сенің мнениең еркектігінен жоғары ешқашан бола алмайды. Сорлы еркек болмаса әрине, басына шығып, армансыз осыратын.

Ілмектер: Қыз, мінез, ажырасу, еркек, қатын Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Жаман қатын бұл қабыну, жақсы қатын бұл айығу

Ілмектер: Жақсы, жаман, қатын Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Хан өзінің нөкерлерімен серуендеп келе жатқанда алдынан сақалы ақ, шашы қара бір адам кездесіп, сәлем береді. Былай шыққан соң хан қасындағыларға қарап:

— Әлгі адамның сақалының ақ, шашының қарасы қалай? — деп сұрайды: Сонда Жиренше:

— Үйде кейінген, түзде тебінген, қатыны жаман, аты шабан бір бейбақ шығар, — депті.

Ілмектер: қатын, әйел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, бейбақ, жаман, үй Жиренше шешен
WhatsApp Telegram

Кедей болар керi кеткен, ұйқысы мол,
Сайрап келiп тұрады үш қара жол.
Кедейлiктiң бiр үлкен жерiк асы,
Жаман қатын бар үйден үзбейдi қол

Ілмектер: жаман, қатын, кедей, кедейлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
WhatsApp Telegram

Жал-құйрығы қаба деп - жабыдан айғыр салмаңыз,
Қалың малы арзан деп - жаманнан қатын алмаңыз.
Жабыдан айғыр салсаңыз - жауға мінер ат тумас,
Жаман қатын алсаңыз - топқа кірер ұл тумас.

Ілмектер: жаман, қатын, ұл, айғыр, қанатты сөздер, афоризм Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Отының болсын жантақтан,
Қатының болсын қалмақтан,
Қосының болсын қазақтан.

Ілмектер: отын, жантақ, қатын, қазақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Ақырзаман болғанда
Қатын би болар
Сиыр пұл болар
Туған балаң қу болар
Үй ішінде неше жан болса,
Бас-басына би болар.

Ілмектер: ақырзаман, қатын, бала, қу, би Мөңке би
WhatsApp Telegram