Өлең, жыр, ақындар

Ойлар

Кедей болар керi кеткен, ұйқысы мол,
Сайрап келiп тұрады үш қара жол.
Кедейлiктiң бiр үлкен жерiк асы,
Жаман қатын бар үйден үзбейдi қол

Ілмектер: жаман, қатын, кедей, кедейлік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Пікірлер (2)

Ердос

Жаман қатын қайдан шығады? Менің ойым қыз кезінде әкелік тәлім аз болғандықтан. Әкелер бір жапырақ нан табу жолында сарқылуда, көпшілігі. Кәзіргі уақытта қалыптасқан матрица осындай. Әлеуметтік жағдай дұрысталмағанша руһани азық қол жетімсіз. Экономикасы төмен елде, жұмыссыздық бар жерде, надандық, мейірімсіздік, демек қатыгездік көп болады. Әйел адам мейірімді жан, табиғатынан, қай кезде? қауып жоқ кезде, отбасы, өзі, балалары. Оны ер адамнан талап етеді, ал біз еркек өзіміз, тұрақтылықты көрмесек, сезбесек, ертең жұмыстан немесе қызметтен шығарып жіберсе не болады?, басқа жұмысты қайдан табамын деп, қорықсақ, үрейлі қалыпта күндерімізді өткізетін болсақ? Онда біздің жүйкеміз, әйеліміздің заңды болса да талаптарын көтермеуі әбден мүмкін. Осыдан туындаған ашу, содан кейін ыза жақсылыққа апармайтынын білеміз. Әр түрлі мінез танытып жүрміз. Материалдық жүйе, ер адамның ер мінезін ұсақтатып, бүтіндігін ыдыратуда деп ойлаймын. Әйел еркектің жасығанын біріншіден сезіп, көрген соң сабырсыздық танытады, ол биологиялық біздің айырмашылығымыз деп ойлаймын. Сонымен, мен де еркек бола аламын деп, жалған бәсекеге ұрынады. Ер адам бола алмайды және әйел адамға ғана тән мейірімін жоғалтып алады, бітті. Кедейлік, ұсақтық, қатыгездік көбейеді, өкінішті. Өзімнің басымнан өтіп жатыр, әйелім мейірімсіздікті көрсетті, бір пәтерде тұрып жатырмыз, бірақ бөтен болып қалғанын сеземін, қайтып орнына келмейтінін де сеземін. Ойланатын жағдай, қалай болса да сақтап, қорғап қалу керек едік бұл нәзік сезімдерді. Тіршілік кәзір дұрысталды, шүкір бірақ...Соңғы кезі терең ой болған кезде ата бабаларым ойыма келеді, мүмкін тамырымнан алыстаған шығармын, Бабаларыма тән кесек ой, ірі шешімдер, қазаққа тән тәбиғатымнан үзілген шығармын? Ажырасу тұрмақ жесір әйел болуына жол бермеген қазақтың ұрпағы мен бе? Не болғаны? Кім мін мен?

Аружан

Керемет

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз


Басқа да бөлімдер: