Габриэль Гарсиа Маркес — нақыл сөздері, ойлары және өмірбаяны

Габриэль Гарсиа Маркес нақыл сөздері, ой-толғамдары және автор туралы қысқаша мәлімет осы бетте берілген.

Бұл бетте автордың дәйексөздері, өмірбаяны және басқа бөлімдеріне апаратын ішкі сілтемелер бір жерде жинақталған.

Автор туралы

Маркес Габриэль Гарсиа (ис. Gabriel José de la Concordia «Gabo» García Márquez [ɡaˈβɾjel ɡarˈsia ˈmarkes]; 6 наурыз 1928, Аракатака — 17 сәуір 2014 жыл, Мехико) (6.3.1928 ж.т., Аракатака, Колумбия) — жазушы, Нобель сыйлығының лауреаты (1982). Алғашқы шығармалары 1947 жылдан бастап жарияланған. Туған жері Аракатаға ұқсайтын Маконда қ. бейнеленген “Үзілген жапырақтар” (1951) повесінен бастап, жалғыздық сарыны М. шығарм-ның басты тақырыбына айналды. Автордың “Полковникке ешкім жазбайды” (1956) аталатын повесінде Хемингуэй шығарм-ның әсері байқалды.Лат. Амер. әр түрлі газеттерде тілші қызметін атқарған ол көптеген Еуропа елдерін аралады. 1961 ж. Мексикаға барып, алғаш Испанияда, толық нұсқасы 1966 ж. Мексикада жарық көрген “Қайырымсыз мезет” романын аяқтады. Шығарм. сабақтастық негізінде мұнда да Маконда бейнесі, Аурелиано Буэндла, Ребена бейнелері орын алды. 1962 ж. “Үлкен шешені жерлеу” атты шығармасы, 1967 ж. “Жүз жылдық жалғыздық” романы жарыққа шықты. Жарты млн. данамен таралған соңғы аталған романында Буэндиа ұрпағының өсіп-өркендеуі арқылы Лат. Америкасының тарихы мен өркениеті, адамзаттың сана-сезімдік эволюциясы көрсетілді. М-тің “Әміршінің ақыры” (1975), “Алдын ала білген бір өлімнің тарихы” (1981), “Оба дерті кезіндегі махаббат” (1985), “Перілер және махаббат” (1994) атты шығармалары филос. тереңдігімен ерекшеленді. “Өз лабиринтіндегі генерал” (1989) романында Колумбияның ұлттық батыры Симон Боливарды бас кейіпкер ретінде суреттелді. “Менің әйелдер туралы мұңлы ойларым” деген жаңа романы испан тілінде жарық көрді (2004). М-тің “Жүз жылдық жалғыздық” романы қазақ тіліне аударылған (К.Юсупов). А. Бабашов

Автордың бөлімдері

Туындылары Нақыл сөздері

Жарияланған материалдар

Пешенесіне жүз жылғы жалғыздық жазылған адамзат әулетіне екінші қайтара өмірге келуді жазбаған.

Ілмектер: өмір, жалғыздық, адамзат, әулет Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Ең үлкен бақытсыздықтың артында көл-көсір береке барына сеніңіз. Себебі, біз сол арқылы өткенде осыған жете аламыз...

Ілмектер: бақытсыздық, береке Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Адам дүние есігін анадан туған кезде ғана бір-ақ рет ашпайды. Өмір адамды қайта-қайта жаңадан тууға мәжбүрлейді.

Ілмектер: адам, дүние, ана, өмір Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Отбасылық өмірде ірі зілзаладан аман қалу, ұсақ-түйек кикілжіңнен құтылудан әлдеқайда оңай.

Ілмектер: отбасы, өмір Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Әйелдер тек жасаған опазыдықты кешіре алмайды. Егер ойын ережесін басынан ұйымдастыратын болсаңыз, әйелдер оны еріксіз қабылдайды. Алайда, ойын барысында ереженің өзгергенін жандары сүймейді.

Ілмектер: әйел, опасыздық, ереже, ойын Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Не іске де әйел араласса, бәрі жақсы аяқталатынына сенімдімін. Әйел әлемді басқаратынын түсіндім.

Ілмектер: әйел, әлем Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Мен ертегі жазуға тырыстым, бірақ еш нәтиже шыға қоймады. Балаларыма жазған ертегілерімнің бірін көрсеттім. Олар: «Әке, сіз балаларды осыншалық ақымақ деп ойлайсыз ба?» деп қайтарып берді.

Ілмектер: ертегі, әке, бала Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Менің ертегі жазғым келді, бірақ мұнымнан ешнәрсе шықпады. Жазған ертегілерімді ұлдарыма оқытып едім, олар маған: "Әке, сіз балаларда ақымақ деп ойлайсыз ба?!" деді.

Ілмектер: жазушылық Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Айналамызда ерекше заттар көп. Бірақ жазушылар бізге қарапайым, күнделікті өмірдегі оқиғаларды айтады.

Ілмектер: ерекшелік, жазушы, өмір Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Адам анасынан туған күні ғана дүниеге келмейді. Өмір сүру барысында да мың өліп, мың туылады.

Ілмектер: ана, туған күн, өмір, өлім Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Қанша тырыссаңыз да, о дүниеге аттану оңай емес.

Ілмектер: тырысу, дүние, өлім Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Қайғыға бой алдырмай, қашанда күліп жүруге тырысыңыз.

Ілмектер: қайғы, күлу Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Мен ешқашан қалпақ кимеймін. Себебі, оны ешкімнің алдында шешкім келмейді.

Ілмектер: бас киім, қалпақ, шешу Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Ажырамас достан да артық нәрселер бар.

Ілмектер: дос Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Бақыттың емін табатын дәрі-дәрмек жоқ.

Ілмектер: бақыт, дәрі-дәрмек, ем Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Тірі заттар көп, тек оларды сөйлете білу керек.

Ілмектер: зат, сөйлеу Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Шабыт жұмыс қызған шақта келеді.

Ілмектер: шабыт, жұмыс Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Ақыл мен білім бізге көбіне керек емес кезде келеді.

Ілмектер: ақыл, білім Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Мен бай емеспін, бірақ ақшасы бар жарлымын. Бірақ бұл екеуі бір емес.

Ілмектер: бай, жарлы, ақша Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Егер сізді шынайы жақсы көретін жанға жолықсаңыз, ол сізден бір апта, бір ай, тіпті, бір жылдан соң да ешқайда кетпейді.

Ілмектер: махаббат, жақсы көру Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Шын махаббатыңызды жолықтырсаңыз, ол сізден ешқайда қашып құтылмайды.

Ілмектер: махаббат Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Бақыт емдейтін дертті бірде-бір дәрі емдей алмайды.

Ілмектер: бақыт, дерт Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram

Шабыт тек жұмыс істегенде келеді.

Ілмектер: шабыт, жұмыс Габриэль Гарсиа Маркес
WhatsApp Telegram