Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (5)

"тек" туралы Ұлағатты сөздер

"тек" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "тек" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Мәдениетті болу — қаздиып, шіреніп машина мініп, шікірейіп қызметкер болу емес, мұның бәрі көз алдар сыртқы қабық қана. Маймылды малындырып, үлде мен үлдеге орап, машинаға отырғызып қоюға болады. Одан маймыл мәдениетті болмайды. Өйткені тегі солай.

Ілмектер: мәдениет, маймыл, тек, тектілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Қазақ «ұят болады» деген осы бір ауыз сөзбен, отбасын, елді, дінді, ділді т.б. барлығын ұстап тұрған. Қазақ ұяты барды «текті», ұяты жоқты «тексіз» деп бағалаған.

Ілмектер: қазақ, ұят, тек, отбасы, ел, дін, діл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Нұрхалық Абдырақын
WhatsApp Telegram

Даналар талай нысан тапқанымен,
Тапқан жоқ тетіктің тегін әлі бірі.

Ілмектер: тек, дана, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Әл – Фараби
WhatsApp Telegram

Шабан ат жаман аттан азбас, тегі.

Ілмектер: ат, тек Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Ата даңқын шығарып, өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді.

Ілмектер: ата, даңқ, бала, тек Қорқыт ата
WhatsApp Telegram