Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:
"тектілік" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "тектілік" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Ақымақтықта əлдебір тектілік бар.
Ілмектер: ақымақтық, тектілік Роберт Вальзер
Тегің - атаңнан;
Ілмектер: тектілік, тіл, білім, мінез, махаббат, бақыт, сезім, сұлулық, төзім, кісілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы
Тілің — анаңнан;
Білім — еліңнен;
Мінез — жеріңнен;
Махаббат — сезімнен,
Бақыт — төзімнен,
Сұлулық — көзіңнен;
Кісілік — өзіңнен.
Мәдениетті болу — қаздиып, шіреніп машина мініп, шікірейіп қызметкер болу емес, мұның бәрі көз алдар сыртқы қабық қана. Маймылды малындырып, үлде мен үлдеге орап, машинаға отырғызып қоюға болады. Одан маймыл мәдениетті болмайды. Өйткені тегі солай.
Ілмектер: мәдениет, маймыл, тек, тектілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
Мәдениеттілік — адамның рухани өрісімен өлшенеді. Қанында бар тектілігің мен бойыңа сіңген жақсы тәрбиең қандай деңгейде екендігің мәдениетіңнен көрінеді.
Ілмектер: Мәдениеттілік, мәдениет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қан, тектілік, тәрбие Бауыржан Момышұлы
Біздің сенім мен түсінікті қалыптастыратын айналадағы қоршаған орта, ғылыми тілмен айтқанда Эпигенетика. Адамның тағдыры текті тұқымына ғана емес, тұқымынан да жоғары уақыт пен заманға байланысты. Олар қандай болса, сіз де сондайсыз. Бірақ бұл уақыт пен заман қандай болса, біз де сондай болуымыз керек деген сөз емес
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, сенім, түсінік, қоршаған орта, ғылым, тағдыр, тектілік, тұқым, уақыт, заман Нарша Булгакбаев
Текті адам кемшілікті өзінен іздейді, ақылсыз өзгеден іздейді.
Ілмектер: тектілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ақылсыз, кемшілік Конфуций
Мәстектен тұлпар артық шаппаса да,
Ілмектер: тұлпар, тектілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы
Тексізден текті тумас мақтаса да.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі