Мәстектен тұлпар артық шаппаса да, Тексізден текті тумас мақтаса да. Ілмектер: тұлпар, тектілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Мәстектен тұлпар артық шаппаса да, Тексізден текті тумас мақтаса да.
Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады. — Бауыржан Момышұлы мінез, тұлпар
Текті адам кемшілікті өзінен іздейді, ақылсыз өзгеден іздейді. — Конфуций тектілік, нақыл
Нағыз тұлпар дауысын қоңыраудай сыңғырлатып, үзілдіріп, әсерлі қайырып кісінейді. — Әйтеке би тұлпар
Шын тұлпар дүбір шықса, шыдамайды, Tap қылып төрт аяғын, байласа да. Жатпайды болат пышақ қап түбінде, Өтпейді жасық темір қайраса да. — Ақан Сері Қорамсаұлы тұлпар, болат
Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас. — Ақан Сері Қорамсаұлы мақтау, сұңқар
Сұңқарды сұңқар деу керек. Тұлпарды тұлпар деу керек. — Фариза Оңғарсынова сұңқар, тұлпар
Мәдениеттілік — адамның рухани өрісімен өлшенеді. Қанында бар тектілігің мен бойыңа сіңген жақсы тәрбиең қандай деңгейде екендігің мәдениетіңнен көрінеді. — Бауыржан Момышұлы Мәдениеттілік, мәдениет
Тегің - атаңнан; Тілің — анаңнан; Білім — еліңнен; Мінез — жеріңнен; Махаббат — сезімнен, Бақыт — төзімнен, Сұлулық — көзіңнен; Кісілік — өзіңнен. — Сайын Назарбекұлы тектілік, тіл
Хабарлама
INFO
-
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі