Шын тұлпар дүбір шықса, шыдамайды, Tap қылып төрт аяғын, байласа да. Жатпайды болат пышақ қап түбінде, Өтпейді жасық темір қайраса да. Ілмектер: тұлпар, болат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ақан Сері Қорамсаұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Шын тұлпар дүбір шықса, шыдамайды, Tap қылып төрт аяғын, байласа да. Жатпайды болат пышақ қап түбінде, Өтпейді жасық темір қайраса да.
Әр адамның мінезі – астындағы тұлпары. Соның ағынымен адамдар өмірден зымырап өтіп жатады. — Бауыржан Момышұлы мінез, тұлпар
Нағыз тұлпар дауысын қоңыраудай сыңғырлатып, үзілдіріп, әсерлі қайырып кісінейді. — Әйтеке би тұлпар
Мәстектен тұлпар артық шаппаса да, Тексізден текті тумас мақтаса да. — Ақан Сері Қорамсаұлы тұлпар, тектілік
Алтын айтты – «бәрін сатып алам» - деп, Болат айтты – «бәрін тартып алам» - деп. — Александр Пушкин алтын, болат
Сауысқан шықылықтап сұңқар болмас, мәстекті мақтағанмен тұлпар болмас. — Ақан Сері Қорамсаұлы мақтау, сұңқар
Сұңқарды сұңқар деу керек. Тұлпарды тұлпар деу керек. — Фариза Оңғарсынова сұңқар, тұлпар
Болат болмас суарғанмен жасықты, Кісі болмас демегенмен пасықты. — Сайын Назарбекұлы болат, пасық
Сындырмай кек болатты ие білген... Ұлпандай адам қайда... — Ғабит Мүсірепов кек, болат
Хабарлама
INFO
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі