Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (7) Өлеңдер (3) Мақал-мәтелдер (12) Ұлағатты сөздер (11)

"сараңдық" туралы Мақал-мәтелдер

"сараңдық" туралы мақал-мәтелдер жинағы. Бұл бөлімде "сараңдық" ілмегіне қатысты қазақтың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері және тәрбиелік мәні бар сөздер топтастырылған.

Бұ сараңнан түк дәметпе, көнбейді,
Сортаң жерге еккен бидай өнбейді.

Ілмектер: сараң, сараңдық, бидай, сортаң
WhatsApp Telegram

Бақылдық жүрген жерде
Жомарттық жасап болмайды.

Ілмектер: бақылдық, жомарт, сараңдық, сараң
WhatsApp Telegram

Бақылдық — айықпас ауру.

Ілмектер: Бақылдық, ауру, сараңдық, сараң
WhatsApp Telegram

Бақылға бағыштаған оғыңды қатты жайға оқта.

Ілмектер: оқ, сараңдық, сараң
WhatsApp Telegram

Бай барын бермес,
Жоқ қарап тұрмас.

Ілмектер: бай, сараңдық, кедей
WhatsApp Telegram

Беріп, берен болғанша,
Бермей, сараң бол.

Ілмектер: сараңдық, қырғыз мақалы
WhatsApp Telegram

Беріп жаман атанғанша,
Бермей сараң атан.

Ілмектер: жаман, сараңдық, сараң
WhatsApp Telegram

Сараңдық пен арамдық ағайындас.

Ілмектер: сараңдық, арамдық
WhatsApp Telegram

Сараңның қолы қалтырауық.

Ілмектер: сараң, сараңдық
WhatsApp Telegram

Сараңның етін сасыған соң
Сары күшік жейді.

Ілмектер: сараң, сараңдық
WhatsApp Telegram

Күншіл сорлы көре алмай өледі,
Сараң сорлы бере алмай өледі.

Ілмектер: күншіл, сараң, сараңдық
WhatsApp Telegram

Сараң да бір, сасық су да бір.

Ілмектер: сараңдық
WhatsApp Telegram