Жамбыл Жабаев нақыл сөздері

Жамбыл Жабаев нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.

Жамбыл Жабаев дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.

Жаманның көңілі көкте, жерде басы,
Алыс қой аңғарғанға екі арасы.
Жақсының өзі кішік, ойы биік,
Бірдей ме екеуінің мәртебесі?

Ілмектер: көңіл, жақсы, жаман Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Жердің сөлін жер жуар,
Елдің кегін ер қуар.
Дауыл тұрса бұлт қуар,
Жердегі жауды жұрт қуар.

Ілмектер: жер, ел, ер, жау Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Жігерлі болса - ер болар.

Ілмектер: жігер, ер Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Артықша туған азамат,
Халыққа үлкен бел болар.

Ілмектер: азамат, халық Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Серт адамды байлайды,
Ер жігіт серттен таймайды.

Ілмектер: серт, ант, адам Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Елдің серті — ер серті.

Ілмектер: ел, ант, серт, ер Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Ақын ғаріп емес пе,
Байды өтірік мақтаса.
Заман ғаріп емес пе,
Әділеттен аттаса.

Ілмектер: бай, заман, әділет, тағлым Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Ерден бағы жанбаған әйел ғаріп.

Ілмектер: әйел, ер, бақ Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Жабы жүйрік болар ма - байлағанмен,
Жасық болат болар ма - қайрағанмен.

Ілмектер: дәрменсіздік, амалсыздық Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Кәрілік екі көзді қызартады,
Сүйектің етін сылып, ұзартады.
Еңкейсең етпетіңнен түсіргендей,
Батпандап тізе тұсқа тұз артады.

Ілмектер: өмір, адам, кәрілік, қарттық Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Ел үшін туған ерлердің,
Алды-арты дария кең болар.

Ілмектер: ел, ер Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Ой-хой, дүние серуен,
Адам бір көшкен керуен.

Ілмектер: адам, дүние Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі – ел бастар.

Ілмектер: ел, сөз, адалдық, шешен Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Ән — халық үні, оның шындығы, оның ойы мен сезімі

Ілмектер: ән, халық, ой, сезім Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram

Жаманға ұйқы – жолдас, тамыр – тамақ, Болмайды көңілінде басқа талап.

Ілмектер: Жаман, жолдас, жалқау Жамбыл Жабаев
WhatsApp Telegram