Жаманның көңілі көкте, жерде басы, Алыс қой аңғарғанға екі арасы. Жақсының өзі кішік, ойы биік, Бірдей ме екеуінің мәртебесі? Ілмектер: көңіл, жақсы, жаман Жамбыл Жабаев Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Жаманның көңілі көкте, жерде басы, Алыс қой аңғарғанға екі арасы. Жақсының өзі кішік, ойы биік, Бірдей ме екеуінің мәртебесі?
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді. Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып, Және жылап өледі, өзгені де жылатып. Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын, Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын. — Қадыр Мырза Әли адам, жылау
Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. — Абай Құнанбайұлы ақыл, ғылым
Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді. — Ыбырай Алтынсарин ой, сөз
Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тез қолға түседі. Шала мейір шала байқайды. — Абай Құнанбайұлы адам, білім
Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі. — Ыбырай Алтынсарин жақсы, мұғалім
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық - ер кісінің ісі. — Мұхтар Әуезов жақсылық, жамандық
Атаның ұлы жақсыға — малыңды бер де, басың қос: бір күні болар керегі. — Шалкиіз Тіленшіұлы ата, ұл
Хабарлама
INFO
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі