Ана — тапқан ұлымен ардақты, Саудагер — тапқан пұлымен салмақты. Ілмектер: ана, бала, ұл, саудагер, пұл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сайын Назарбекұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Ана — тапқан ұлымен ардақты, Саудагер — тапқан пұлымен салмақты.
Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық қылған жалықпас, Үйретуден балаға. — Абай Құнанбайұлы бала, еңбек
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!.. — Қадыр Мырза Әли ана тіл, тіл
Алтын ұяң – Отан қымбат, Құт-берекең атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат. Мейірімді апаң қымбат. Асқар тауың әкең қымбат. Туып-өскен елің қымбат. Ұят пенен ар қымбат, Өзің сүйген жар қымбат. — Қазыбек Келдібекұлы отан, ұят
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. — Бауыржан Момышұлы тіл, ұлт
Атың жақсы болса, Ер жігіттің пырағы, Балаң жақсы болса, Жан мен тәннің шырағы. Қызың жақсы болса, Жайқалып өскен құрағы. Әйелің жақсы болса, Бірінші - иманың, Екінші - жиғаның, Үшінші - ырысыңның тұрағы. — Төле би Әлібекұлы ат, жақсы
Сүйемін туған тілді – анам тілін, Бесікте жатқанымда берген білім. Шыр етіп жерге түскен минутымнан, Құлағыма сіңірген таныс үнім. — Сұлтанмахмұт Торайғыров тіл, ана тілі
Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. — Ғабит Мүсірепов ана тіл, қазақ тілі
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі