Шалқар Әбіш нақыл сөздері мен қысқаша мәліметтері осы бетте берілген.
Шалқар Әбіш дәйексөздері мен ойларын осы жерден оқуға болады.
Қанша өзімшіл болмайын десең де, мерейіңнің басқалардан үстем тұруын қалайды екенсің. Бұл да бір жұмбақ!
Ілмектер: мерей, үстемдік, өзімшілдік Шалқар Әбіш
Қолымнан дәрмен кеткенше, көзімнің оты өшкенше қатардан қалыспаймын!...
Ілмектер: қатар, қалу, дәрмен, от, көз, қол Шалқар Әбіш
Меймандостық пен жомарттық біздің ата-бабамыз қалдырған асыл қасиеті ғана емес, біздің халықтың еншісіне тиген сыбаға.
Ілмектер: Меймандостық, жомарттық, ата-баба, қасиет, халық, сыбаға Шалқар Әбіш
Әр бір ақ сүт емген адам өзінің қам сүт емген пенде екенін де әсте ұмытпауы шарт.
Ілмектер: сүт, пенде, адам Шалқар Әбіш
Ойланып, толғанып алып істемеген жұмыс шала туған қозыдай күй кешеді.
Ілмектер: ойлану, жұмыс Шалқар Әбіш
Еленбейтін ұсақ қателіктер көп кетсе, солардың өзі жиылып кеп ауыр қылмысқа итеріп, басыңды жоқ етуі әбден мүмкін.
Ілмектер: қате, қателік, қылмыс Шалқар Әбіш
Үлкеннен өнеге алсаң, озбасаң да азбайсың. Кішіге үлгі көрсетпесең тозбасаң да тынып кете жаздайсың.
Ілмектер: өнеге, үлгі, кіші, үлкен Шалқар Әбіш
Жақсы мен жаманның парқын айыра алмайтын пенделерді топас дейді.
Ілмектер: жақсы, жаман, пенде Шалқар Әбіш
Ұлғайып қалған ұл-қыздарыңмен тең сөйлес. Өктемдік жасап, асырап – баққаныңды міндет етпе.
Ілмектер: ұл, қыз, бала, өктемдік, бағу, ата-ана Шалқар Әбіш
Бастаған ісін аяқтамай, ертеңге сырып қоя беретін жігіт – ойға алған мұрат-мақсатына жетпестен, өзі түгілі әке-шешесі, туған, туыстары мен жолдастарына да абырой әпермейді.
Ілмектер: мұрат, мақсат, абырой, ата-ана, әке-шеше, туыс, жігіт, жетістік, жалқаулық Шалқар Әбіш
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
- Әбілда Аймақ
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі