Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (14) Өлеңдер (5) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (192) Ұлағатты сөздер (12)

Өнеге — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "өнеге" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

«Өзіңе инвестиция салудан ешқашан тартынба — бұл ең пайдалы салым.»

Ілмектер: инвестиция, Білгеннің пайдасы, Жастар, өнеге, Білімдіден шыққан сөз, арман Тлеуғабыл Шырайлым
WhatsApp Telegram

Моральдық сенімдер басқаға өнеге. Адамгершілік сенімдер тек оң нәтиже шығарады. Сондықтан мораль қоғамдық мүддеге айналуы тиіс.

Ілмектер: мораль, сенім, өнеге, адамгершілік, нәтиже, қоғам, туралы Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Ақылгөйлік кейде өнегесіздікке тірейді.

Ілмектер: Ақылгөйлік, өнеге, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бауыржан Момышұлы
WhatsApp Telegram

Өнер – өнегелі, ақылды адамдарды тәрбиелейтін құрал.

Ілмектер: өнер, өнеге, ақыл, тәрбие, нақыл, афоризм Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Күнәсін мойындау — өзін-өзі дүрелеу емес, қайта ол адамгершілік пәктікке, өнегелікке талпыну.

Ілмектер: күнә, адамгершілік, өнеге Василий Сухомлинский
WhatsApp Telegram

Қызы анадан үйренбей өнеге алмас,
Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.

Ілмектер: тәрбие, ұл, қыз, ата, ана, өнеге Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Баланы бұзуға, түзеуге себеп болатын бір шарт — жас күнде көрген өнеге.

Ілмектер: бала, өнеге, отбасы, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Жүсіпбек Аймауытов
WhatsApp Telegram

Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түседі және ол өнегелер - адамдарды алға жетелейтін жарығы мол шамшырақтардың бірі.

Ілмектер: ерлік, тарих, өнеге Виктор Гюго
WhatsApp Telegram

Дәрежең өскен сайын ұстамды болғайсың.

Ілмектер: дәреже, ұстамдылық, тәрбие, өнеге Иүгінеки Ахмед
WhatsApp Telegram

Өзін тәрбиелей білмеген, өзгеге өнеге көрсете алмайды.

Ілмектер: тәрбие, өнеге Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Өнегелі болса — бала көрікті.

Ілмектер: өнеге, бала Қорқыт ата
WhatsApp Telegram

Көз - Құдайдың құдіреті мен өнерін көру үшін берілген, дос-жардың айыбын көру үшін емес.

Ілмектер: дос, өнеге Саади Ширази
WhatsApp Telegram