Өлеңдер Бөлімі

Виктор Гюго

Виктор Гюго (фр. Victor Marie Hugo) (1802-1885) – дүние жүзіндегі ең көп оқылатын прозашылардың бірі. Ол отандастары үшін ең әуелі өз ұлтының ұлы ақыны, француз өлеңінің, драматургиясының реформаторы, сондай-ақ көсемсөз шебері, публицист-патриот, саясаткер-демократ.


Нақыл сөздері

Бiлiмсiздiк — бұл ымырт, оны жамандық кезiп жүредi. Көшенi жарықтандыруды ойласаңыздар, мархабат, ең бастысы ақыл-ойды ағартуды ойласаңыздар екен.

Ілмектер: Бiлiмсiздiк, білім, ымырт, жамандық, көше, ақыл, ой, жарық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виктор Гюго

Жеңу — ақымақтың iсi. Жеңу емес, сендiру керек — даңққа лайық iс мiне осы.

Ілмектер: Жеңу, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, даңқ Виктор Гюго

Oйлау — ақыл-oй жұмысы, қиялшылдық — oның тәтті құмарлығы. Ақыл-oйды қиялға айырбастау ас oрнына у ішу дeгeн сөз.

Ілмектер: ойлау, ақыл, ой, қиялшылдық, тәтті, құмар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, ас, у Виктор Гюго

Шын сүйгeн қасірeтті көңіл қашан да асқақ.

Ілмектер: асқақ, қасірет, шын, көңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виктор Гюго

Арманшыл өз арманынан күштiрек болуы керек.

Ілмектер: арман, күшті, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Виктор Гюго

Әр адамның үш мiнезi бар: бiрiншi — оған телiнетiн мiнез, екiншi — оның өзiне телитiн мiнезi, үшiншi — оның жүзiндегi нақты мiнезi.

Ілмектер: мінез, нақыл, афоризм, құлық, қанатты сөздер Виктор Гюго

Күлкі — күн: ол адам жүзінен қысты қуады.

Ілмектер: күлкі, нақыл сөздер Виктор Гюго

Ойшылдың белгілі бір мақсаты болады, ал арманшылдың еш мақсаты болмайды.

Ілмектер: ойшыл, арман, мақсат, нақыл сөздер Виктор Гюго

Кітап жансыз, бірақ шынайы дос.

Ілмектер: кітап, дос Виктор Гюго

Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түседі және ол өнегелер - адамдарды алға жетелейтін жарығы мол шамшырақтардың бірі.

Ілмектер: ерлік, тарих, өнеге Виктор Гюго

Ұлы адамдар өз ескерткішінің тұғырын өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады.

Ілмектер: адам, болашақ, ұлы адамдар Виктор Гюго

Кітап — асып-таспайтын асыл досымыз.

Ілмектер: кітап Виктор Гюго

Нәзіктік атаулының жиынтығы — ананың алақаны, сондықтан да ол — сәби үшін ең жылы ұя.

Ілмектер: нәзіктік, ана, алақан, сәби, ұя Виктор Гюго

Мейірімді болу оңай, әділ болу қиын.

Ілмектер: мейірім, әділ Виктор Гюго


×