Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (1) Мақал-мәтелдер (4) Ұлағатты сөздер (18)

Ең мықты адам – қорқынышты жеңген адам.

Ілмектер: адам, қорқыныш, жеңу Нельсон Мандела

Адамды құртып жіберуге болады, бірақ жеңуге болмайды.

Ілмектер: адам, жеңу Эрнест Хемингуэй

Шын мәнінде құбыжықтар мен әруақтар өмір сүреді. Олар біздің ішімізде. Тіпті кей кезде бізді жеңіп кетеді.

Ілмектер: құбыжық, өмір, жеңу Стивен Кинг

Өзіңіздің басты дұшпаныңызды білгіңіз келе ме? Айнаға қараңыз, соны жеңсеңіз, қалғандарын жеңу қиынға соқпайды.

Ілмектер: дұшпан, жеңу Михаил Литвак

Ақиқат жеңер жалғанды.

Ілмектер: ақиқат, жеңу Міржақып Дулатұлы

Мұңды жеңуден мыңды жеңу жеңіл.

Ілмектер: мұң, жеңу Қадыр Мырза Әли

Әділет өтірік пен жалған куәлік көрсетуді жеңетін болады.

Ілмектер: әділет, өтірік, жалған, куәлік, жеңу, нақыл Гераклит

Өзiн сабырға жеңдiрген адам, ашуға бой алдырған адамнан күштiрек.

Ілмектер: сабыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, күшті, адам, ашу, жеңу Марк Аврелий

Жек көрудi — махаббатпен, жалғандықты — шындықпен, зорлықты — шыдамдылықпен жеңу керек.

Ілмектер: Жек көру, махаббат, жалғандық, шындық, зорлық, шыдамдылық, жеңу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Махатма Ганди

Жеңу — ақымақтың iсi. Жеңу емес, сендiру керек — даңққа лайық iс мiне осы.

Ілмектер: Жеңу, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, даңқ Виктор Гюго

Қыс түскенде өз бойымда жеңуге болмайтын жаз бар екенін түсіндім.

Ілмектер: қыс, жаз, жеңу, Альберт Камю Альберт Камю

Мен жауларымды қырып-жойып жеңбеймін, оларды өз достарыма айналдырамын.

Ілмектер: жау, дос, жеңу Авраам Линкольн

Батыр — қорықпайтын емес, өзінің қорыққанын жеңе алатын.

Ілмектер: батыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қорқыныш, жеңу Антон Макаренко

Кей уақытта өзіңе: "Барлық ойында жеңу мүмкін емес" деп айтуыңа тура келеді.

Ілмектер: Лионель Месси, Месси, футбол, футболшы, ойын, жеңу Лионель Месси

Адамдар қиындықты ақылмен жеңеді.

Ілмектер: қиындық, ақыл, жеңу Альфред Адлер

Өз-өзін қорғаудың ең жақсы тәсілі — ауырсынуға шыдау. Ауырсынуды жеңудің ең жақсы тәсілі — ішкі қорқынышты жою. Ішкі қорқынышты жоюдың ең жақсы тәсілі — қарсыластан ақылдырақ болу.

Ілмектер: қорғау, қорғаныш, тәсіл, ауыру, шыдамдылық, жеңу, қорқыныш, спорт, қарсылас, ақыл Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Адамды құртуға болар, ал жеңуге болмайды.

Ілмектер: адам, жеңу, құрту, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Эрнест Хемингуэй

Өзгені таныған — ақылды, өзін таныған — кемел.
Өзгені жеңген — күшті, өзін жеңген — шын мықты.

Оригиналы (қытайша, классикалық):
知人者智,自知者明。勝人者有力,自勝者強。
(Zhī rén zhě zhì, zì zhī zhě míng. Shèng rén zhě yǒu lì, zì shèng zhě qiáng.)

Түсіндірме:
知人者智 — басқа адамды түсіну ақылдың белгісі.
自知者明 — өз нәпсісін, әлсіздігін тану — нағыз даналық.
勝人者有力 — біреуден басым түсу — уақытша күш.
自勝者強 — өз-өзіңді жеңу — тұрақты рухани қуат.

Қайдан алынған: «Дао дэ цзин» (道德經 / Tao Te Ching), 33-тарау

Ілмектер: Лао-цзы, өзін-өзі тану, даналық, күш, жеңу, өзін тану, өз-өзіңді жеңу, рухани қуат Лао-цзы