Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл атадан үйренбей сапар шекпес. Ілмектер: тәрбие, ұл, қыз, ата, ана, өнеге Қорқыт ата Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қызы анадан үйренбей өнеге алмас, Ұл атадан үйренбей сапар шекпес.
Ұлдың күні күн емес – атадан мал қалмаса, Ата малы пұл емес – баста ақыл болмаса. — Қорқыт ата ұл, мал
Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес, дарға асқаны, атқаны, Маған қиын осылардың бəрінен, Өз аулыңның иттері үріп- қапқаны... — Ахмет Байтұрсынұлы сатқындық, сатқындық туралы нақыл сөз
Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп, Қазағым, енді жату жарамас- ты. — Міржақып Дулатұлы қазақ, оян қазақ
Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді интеллигент емес деуге де болады. Себебі, ол қандайлық мамандық білімі болса да, рухани ой тәрбиесінде сыңаржақ азамат болады. — Мұхтар Әуезов дәуір, тіл
Атадан ұл туса игі, Ата жолын қуса игі. Өзіне келер ұятын, Өзі біліп тұрса игі. Жаудан бұққан немені, Ортасына қуса игі! — Төле би Әлібекұлы ата, ұл
Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнегесі, нағыз белгісі. — Бауыржан Момышұлы тіл, ұлт
Анадан өнеге көрмеген қыз жаман. Атадан өнеге алмаған ұл жаман. — Қорқыт ата ана, ата
Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады, өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады. — Ахмет Байтұрсынұлы тіл, ұлт
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі